Профессор Нұршат Нұражының зерттеу тобы профессор Сәлімгерей Әділов, профессор Три Фам және Кордоба университетінің (Испания) профессоры Рафаэль Лукемен бірге 2D және 3D өткізгіш полимерлерді алу үшін стратегиялық синтез және олардың композиттері әдісін ойлап тапты. Өткізгіш полимерлерлер — электр тогын өткізуге қабілетті пластмассалар.
Бұл жұмыс жақында материалтану саласындағы ең беделді Advanced Materials (ағымдағы импакт-факторы 32, 08) журналында жарияланды.
Өткізгіш полимерлер соңғы онжылдықтарда кең қолданыс пен қызығушылыққа ие болды. Осы уақыт ішінде өткізгіш полимерлерден наноқұрылымдарды алудың әртүрлі жолдары табылды, бірақ екі өлшемді нанопарақтарды алу күрделі және қымбат процесс болып қала берді. Жаңа әдіс 2D, 3D және композиттерді жасайтын басқа өткізгіш полимерлерді синтездеуге мүмкіндік береді. Аталған зерттеуде өткізгіш полимердің ерекше түрі болып табылатын полипирролдың морфологиясы 0D-ден 2D және 3D құрылымдарына дейін бақыланды. 2D нанопарақтың морфологиясы ең жоғары электр өткізгіштігін яғни 219 С/см-ді берді. Бұл полипиррол үшін рекордтық жоғары өткізгіштік болып саналады.
Сонымен қатар, НУ ғалымдары 2D және 3D материалдарын жасаудың кешенді тәсілін құжаттай алды. Олар ғылыми журналда егжей-тегжейлі сипатталған осындай полимерлерді жасаудың қарапайым және масштабталатын синтетикалық протоколын ұсынды.
Бұл синтез әдісі өткізгіш полимерлерді әртүрлі салаларда, соның ішінде наномедицинада, энергия сақтауда, полимерлі күн батареяларында және жарықдиодты шамдарда қолданудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.
Зерттеу Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (қазіргі ҒЖБМ) гранты және Назарбаев Университетінің кафедралары құрамын дамытуға арналған конкурстық зерттеу гранты есебінен қаржыландырылды. Бұл жобаға NU SEDS Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының магистранттары, докторанттары және ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ NU SSH Химия және биология кафедралары үлкен үлес қосты. Олар болашақта өз жобаларын жасайды немесе зерттеу тобын басқара алады деген сөз.
Эксперименттік жұмыс:
Гүлдана Жігербаева, PhD 3- курс студенті, Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы, NU SEDS,
Перизат Асқар, магистратура 2 – курс студенті, имиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы, NU SEDS,
Елриза Есжан, магистратура 2- курс студенті, Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасы, NU SEDS,
Доктор Мунзия Әбутәліп, Астана ұлттық зертханасының аға ғылыми қызметкері, Химия кафедрасының докторанты, NU SSH,
Дана Канжиготива, Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының ғылыми қызметкері, NU SEDS,
Нұршат Нұражы, Химиялық инженерия және материалдар технологиясы кафедрасының Қауымдастырылған профессоры, NU SEDS, Астана ұлттық зертханасының Жаңартылатын энергия жүйелері және материалтану зертханасының меңгерушісі,
Сәлімгерей Әділов, Химия кафедрасының Ассистент профессоры, NU SSH,
Три Фам, Биология кафедрасының Ассистент профессоры, NU SSH.








