NU командасы «Дара» ұлттық білім бәйгесінің 1/4 кезеңіне өтті

Мамыр айында басталған "Дара" байқауы Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының 32 командасын бірге жинады. Әр апта сайын төрт команда жарысып, интелектуалды сұрақтарға жауап беріп, тек екі команда келесі кезеңге өтеді.

Мамыр айында басталған «Дара» байқауы Қазақстандағы ең үздік жоғары оқу орындарының 32 командасын бірге жинады. Әр апта сайын төрт команда жарысып, интелектуалды сұрақтарға жауап беріп, тек екі команда келесі кезеңге өтеді. Жоба «Кім жылдам?», «12», «Жұмбақ жәшік» сияқты бөлімдерден тұрады.

13 тамызда Назарбаев Университетінің Brainstorm командасы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті (Өскемен), Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті (Алматы) және Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетімен (Ақтөбе) ойнады. NU және Ақтөбенің командалары ойынның 1/4 кезеңіне өтті. NU дарабоздарын құттықтап, оларға сәттілік тілейміз!

Топ мүшелері:

Әлия Әміреева — SSH, Саясаттану және халықаралық қатынастар, 3-ші курс

Лашын Зейін — SSH, Саясаттану және халықаралық қатынастар, 2-ші курс

Рақымжан Оразғали — SEDS, Механикалық және аэроғарыштық инженерия, 2-ші курс

Санжар Санат — SEDS, Құрылыс және экологиялық инженериясы, 3-ші курс

Қанат Жұмағали — SSH, Экономика, 4-ші курс

Бекзат Өмірзақ — SEDS, Механикалық және аэроғарыштық инженерия, 3-ші курс

Бағдарлама шығарылымдарын «Қазақстан» телеарнасының сайтында көруге болады.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53