NU Research Awards 2025 жеңімпаздарының есімдері белгілі болды

Жыл сайын Nazarbayev University-дегі Selection Committee үздік зерттеушілерді таңдап, олардың жетістіктерін атап өтеді және осылайша ғылымның одан әрі дамуына серпін береді.

Биыл NU Research Awards жеңімпаздары төрт номинация бойынша анықталды. Әрбір номинацияда STEMM (ғылым, технология, инженерия, математика және медицина) және SSHM (қоғамдық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар және менеджмент) бағыттары жеке қарастырылды.

Emerging Scholar Research Excellence Award номинациясы бойынша жеңімпаз — Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Алмагүл Ментбаева атанды.

Outstanding Scholar Research Excellence Award номинациясы бойынша STEMM бағытының жеңімпазы — Жоғары білім беру мектебінің қакымдастырылған профессоры Анас Хаджар (Anas Hajar), ал SSHM бағытының жеңімпазы — Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры Шазим Мемон (Shazim Memon).

Outstanding Career Achievement Research Excellence Award номинациясы бойынша STEMM бағытында Жоғары білім беру мектебінің профессоры Наурин Дуран (Naureen Durran), ал SSHM бағытында Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры Даниэле Този (Daniele Tosi) марапатталды.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Тұрақты даму мақсаттарына (UNSDG) жетуге айтарлықтай үлес қосқан зерттеу үшін берілетін UNSDG Research Excellence Award иегері — Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің профессоры Нұрхат Нұраже болды.

NU президенті профессор Вакар Ахмад жеңімпаздарды құттықтап, кәсіби қызметтерінде табыс тіледі. “Сапасы жоғары зерттеу жұмыстары — Nazarbayev University-дің өңірдегі жетекші зерттеу университеті ретіндегі бірегей келбетінің ажырамас бөлігі”, — деді ол.

NU-дың ғылыми жұмыс және инновациялар жөніндегі вице-провосты Жұмабай Бәкенов ресми марапаттау рәсімінде былай деді: “Бүгін біз өз зерттеушілеріміздің шығармашылығын, табандылығын және ғылым мен инновацияны дамытуға қосқан үлесін атап өтудеміз. Әр жыл сайын Nazarbayev University жаңа деңгейге көтерілуде — дамып, жаңара түседі. Біз жасап жатқан істерімізбен мақтанамын. Бұл — NU-ді өңірдегі жаңалықтар мен инновациялар орталығына айналдырған ұжымдық еңбектің нәтижесі.”

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53