NU ғалымдары тиімділігі жоғары және радиацияға төзімді перовскит фотодиодтарын жасап шығарды

Профессор Виктор Брюс бастаған ғалымдар профессор Энни Нг және Марат Кайканов жетекшілік ететін ғалымдармен бірлесе отырып, жаңа, өнімділігі жоғары және экстремалды радиациялық жағдайларға төзімді перовскит күн фотодиодтарын жасап шығарды. Жасалынып шығарылған фотодиод үлгілері 2022 жылдың қаңтарында Назарбаев Университетінің қаржылық гранттық қолдауы арқылы жүзеге асты.

Профессор Виктор Брюс бастаған ғалымдар профессор Энни Нг және Марат Кайканов жетекшілік ететін ғалымдармен бірлесе отырып, жаңа, өнімділігі жоғары және экстремалды радиациялық жағдайларға төзімді перовскит күн фотодиодтарын жасап шығарды. Жасалынып шығарылған фотодиод үлгілері 2022 жылдың қаңтарында Назарбаев Университетінің қаржылық гранттық қолдауы арқылы жүзеге асты.

Жүргізілген зерттеулер арқасында алынған нәтижелер 170 кВ энергиясы бар импульстік (150 нс) протонды сәулеленудің әр түрлі флюенстерінің жоғары тиімді Cs0,04Rb0,04(FA0,65MA0,35)0,92Pb(I0.85Br0.14Cl0.01)3 көпкомпонентті перовскит фотодиодтарына әсерін көрсетеді. Аталған әсерлер нәтижесі сәулеленген құрылғылардың барлық фотодиодтық сипаттамаларын кешенді зерттеу және салыстыру арқылы алынды. Зерттеулерде қолданылған көпкомпонентті гибридті перовскит үлгісі заманауи фотоактивті материал болып табылады.

Зерттеу нәтижелері перовскиттік фотодиодтардың ерекше беріктігін көрсетті. Олар өте жоғары деңгейдегі сәулелену әсерінен кейін де тиімділігі мен тұрақтылығын сақтап қалды. Зерттеушілер сонымен қатар құрылғылардың жоғары радиациялық ортада пайдалану мүмкіндігін көрсететін ең аз деградацияға ұшырау қасиетін байқады.

Фотодиодтардың сәулеленуге төзімділігінің артуы Назарбаев университетінде орналасқан i-NURA импульстік жоғары ток ионды үдеткішінде тәжірибе жүзінде тексерілді.

i-NURA қуатты иондық сәуле (ҚИС) шығаратын үдеткіш. ҚИС көлемді материалдардың беткі қабатын қыздыру үшін кеңінен қолданылады. Бірақ i-NURA үдеткіші наноматериалдарды өңдеу, соның ішінде, жетілдірілген жұқа фотоактивті материалдардың сәулеленуге төзімділігін зерттеу үшін өзгертілген. Айта кету керек, импульстік сәуленің қуаты 100 МВт-тан астам, ал i-NURA үдеткішінің жалпы қуат тұтынуы шамамен 10 кВт құрайды. i-NURA үдеткішінің тағы бір маңызды ерекшелігі — үлгілер қойылатын вакуумдық камераның сыртында ешқандай сәулеленудің болмауы.

Зерттеу нәтижелері жақында беделді халықаралық жоғары импакт факторлы Advanced Optical Materials журналында жарияланды және мақала туралы қосымша ақпарат та журналдың мұқабасында жарияланған.

Ғалымдар жаңа буынның сәулеленуге төзімді оптоэлектронды және фотоэлектрлік құрылғыларын жасау үшін жаңа жартылай өткізгіш материалдар мен құрылымдардың әртүрлі түрлерін пайдалана отырып, перовскит негізіндегі оптоэлектрондық құрылғыларды жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастырады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53