NU HKUST-SINO байқауында күміс жүлдеге ие болды

NU HKUST-SINO байқауында күміс жүлдеге ие болды

Nazarbayev University (NU) командасы беделді HKUST-SINO One Million Dollar Entrepreneurship Competition халықаралық байқауының студенттік санатында күміс жүлдеге ие болып, өз жобасымен халықаралық деңгейде мойындалды және 25 000 гонконг долларын жеңіп алды.

Жеңімпаз команда NU-дың Астана Ұлттық зертханасындағы (NLA) профессор Даниэле Тоси жетекшілік ететін Биосенсорлар зертханасын таныстырды. Жоба сүт безі қатерлі ісігінің биомаркерлерін жоғары сезімталдықпен және дәлдікпен анықтайтын инновациялық оптикалық талшықты биосенсорлық платформа әзірлеуді көздейді.

NU командасы Корнелл университеті, Оксфорд университеті, Тайвань ұлттық университеті және Сингапур ұлттық университеті сияқты әлемнің жетекші жоғары оқу орындарының командаларымен бақталасты. Биыл 15 жылдық мерейтойын атап өткен бұл байқау 22 ел мен өңірден 89 студенттік команданы біріктіріп, оның жаһандық ауқымын тағы бір мәрте көрсетті.

Nazarbayev University команда мүшелерін — Канагат Кантореева, Жұлдыз Мырхиева және профессор Даниэле Тосиді — осы маңызды жетістігімен шын жүректен құттықтайды.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53