Өз әлеуетіңді толық ашқың келе ме? Nazarbayev University басқа жоғары оқу орындарынан ауысуға өтінімдер қабылдауды бастады. Бұл — білім деңгейін халықаралық стандартқа көтеріп, зерттеу ортасына қосылудың бірегей мүмкіндігі.
NU-ға ауысудың тиімді тұстары қандай?
- Әлемдік деңгейдегі мамандардан дәріс алу.
- Ең заманауи зертханалар мен ресурстар.
- Еліміздің ең озық жастарымен бір толқында болу.
Қабылдау шарттары:
- Кімдерге арналған: Отандық немесе шетелдік ЖОО-да кемінде бір семестр оқыған студенттер.
- Оқу негізі: Тек ақылы негізде.
Талаптар:
- CGPA: 2.0-ден жоғары (Мектеп шешімімен жеке қарастырылуы мүмкін).
- Ағылшын тілі: IELTS 6.0 (Writing 6.0) немесе TOEFL.
- Маңызды ақпарат: Егер алдыңғы оқу орныңда ағылшын тілінде оқысаң, IELTS/TOEFL тапсыру міндетті емес!








