Назарбаев Университеті Presight AI компаниясымен келісімге қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегацияның БАӘ, Дубай қаласына сапары барысында COP 28 климаттық саммиті аясында Назарбаев Университеті мен Presight AI ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды. Мұндай келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстандағы бизнес пен ғылыми мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тығыз білім беру, академиялық және коммерциялық байланыстарды дамытуға негіз жасау.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған қазақстандық делегацияның БАӘ, Дубай қаласына сапары барысында COP 28 климаттық саммиті аясында Назарбаев Университеті мен Presight AI ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Мұндай келісімнің негізгі мақсаты – Қазақстандағы бизнес пен ғылыми мекемелердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру және тығыз білім беру, академиялық және коммерциялық байланыстарды дамытуға негіз жасау. Тараптар екіжақты инвестиция мен технологиялық алмасу көлемін арттыруға мүдделі.

Келісім аясында тараптар жасанды интеллект саласындағы жобаларды жүзеге асыруда, атап айтқанда, бірлескен ғылыми жобалар мен конференциялар саласында ынтымақтастыққа бар күш-жігерін салуға келісті. Сондай-ақ жоспарда мемлекеттік қазақ тілінің үлкен тілдік моделін (LLM) әзірлеу және жетілдіру қарастырылған.

Presight компаниясы 2020 жылы БАӘ және жалпы адамзат Ковид-19 пандемиясынан туындаған төтенше қиындықтар кезінде қалыптасты. Үлкен деректердің, аналитиканың және жасанды интеллект тәжірибесінің күшін біріктіре отырып, Presight ақпаратты жинақтап және кез келген өлшемдегі секторға бүгінгі күннің қиындықтарын шешуге және оларды мүмкіндіктерге айналдыруға көмектесетін компания. Presight қазіргі уақытта ашық компания болып табылады, ол бағалы қағаздарын Абу-Даби биржасында 2023 жылдың 27 наурызында тіркеген.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53