NU кітапханасында «Кітапхана технологиялары мектебі-2022» тренинг-семинары өтті

Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстан университеттерінің кітапханалары қауымдастығымен бірлесіп жоғары оқу орындары кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру аясында «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: менеджмент, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары» атты оқыту семинарын өткізді. Семинар-тренингке Қазақстанның 9 университетінен 17 маман қатысты.

Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстан университеттерінің кітапханалары қауымдастығымен бірлесіп жоғары оқу орындары кітапхана қызметкерлерінің біліктілігін арттыру аясында «Жоғары оқу орнының заманауи кітапханасы: менеджмент, ресурстар, технологиялар және қызмет көрсету нысандары» атты оқыту семинарын өткізді.

Семинар-тренингке Қазақстанның 9 университетінен 17 маман қатысты.

Семинар-тренинг қатысушылары Назарбаев Университеті кітапханасының тәжірибесін зерттеді, кітапхананың табысты ғылыми-зерттеу қызметіне қалай үлес қосатындығымен, ақпараттық қоғамда инклюзивті ақпараттық-білім беру ортасын ілгерілетумен, ақпараттық іздестіру және деректерді басқару технологияларын қолданумен, озық ақпараттарды қолданумен танысты. Сонымен қатар, пайдаланушыларға қызмет көрсетудегі коммуникациялық технологиялар, кітапхана жобаларын әзірлеу және қоғамда кітапханаларды дамыту үшін маркетинг құралдарын пайдалану бойынша білім алды.

Семинар-тренингтің аяғында қатысушылар алған дағдыларын қолдана отырып өз жобаларын ұсынды, содан кейін семинар-тренинг бағдарламасын сәтті аяқтағаны туралы сертификаттар табысталды.

Кітапханалық технологиялар мектебі кітапханашыларды кәсіби даярлау нысандарының бірі болып табылады, оның мақсаты Қазақстан Республикасы жоғары оқу орындары кітапханаларының басшылары мен мамандарының көшбасшылық және кәсіби құзыреттілігін дамыту және жетілдіру болып табылады. 2012 жылдан бастап Назарбаев Университетінің кітапханасы Қазақстан Республикасы ЖОО кітапханалары қауымдастығымен бірлесе отырып, заманауи ақпараттық технологиялар мен кітапхана ісі саласындағы озық тәжірибелерімен бөлісуде, түрлі форматтағы кәсіби іс-шараларды өткізуде.

Кітапхана технологиясы мектебі туралы көбірек білу үшін төмендегі сілтемеге өтіңіз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53