Назарбаев Университеті Еуропалық Одақтың сыртқы саясатын және ЕО-ның жаһандық басқарудағы болашақ рөлін жақсырақ түсінуге бағытталған ValEUs зерттеу консорциумына қосылды.
ValEUs, Europa University Viadrina басқаратын сыртқы саяси зерттеулер мен білім беру жөніндегі ЕО консорциумы бес континентте таралған 17 елдегі 18 жоғары оқу орнын біріктіреді. ValEUs консорциумы еуропалық құндылықтарға қарсы әртүрлі жағдайларды зерттеп қана қоймайды, сонымен қатар әлеуетті контрстратегияларды талқылайды және балама саяси күн тәртібін әзірлейді.
Консорциум Еуропалық Комиссияның жоғары бәсекеге қабілетті Эразмус+ бағдарламасының 1,2 миллион еуро көлеміндегі Jean Monnet Network грантын алды. Назарбаев университетінің саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасының Қауымдастырылған профессоры және NU консорциумының үйлестірушісі Жан-Франсуа Каронның айтуынша, бұл грант 2027 жылға дейін жұмыс істейді және Назарбаев Университетінің жетекші зерттеу университеті ретіндегі рөлін нығайтуға мүмкіндік береді.
«Өз беделінің айғағы ретінде Назарбаев Университеті алдағы қыркүйекте консорциумның бірінші жыл сайынғы конференциясын өткізуге таңдалды. Сонымен қатар, бұл жоба біздің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттеріне алдағы 3 немесе одан да көп жыл ішінде әлемнің ондаған ғалымдарымен бірлескен зерттеулерді дамытуға, симпозиумдарға қатысуға, ғылыми мақалалардың бірлескен авторы болуға және докторанттарға консорциумға кіретін мекемелерде ғылыми зерттеулерін жүргізуге мүмкіндік береді», — деді Жан-Франсуа Карон.







