Назарбаев Университетінде студенттер қатарына алу және Foundation бағдарламасы бойынша сертификаттар беру рәсімі өтіп жатыр

Инженерия мектебінде 139 (29%) адам, Ғылым және технологиялар мектебінде 181 (39%) адам (олардың 58-і немесе 12% – пре-медицина бағадарламасында), Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде – 149 (32%) адам оқиды. Өткен аптада мектептерде аралық емтихандар өткізілген болатын.

Инженерия мектебінде 139 (29%) адам, Ғылым және технологиялар мектебінде 181 (39%) адам (олардың 58-і немесе 12% – пре-медицина бағадарламасында), Әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде – 149 (32%) адам оқиды. Өткен аптада мектептерде аралық емтихандар өткізілген болатын. Назарбаев Университетінің мектептерінде 70-тен астам профессорлар мен оқытушылар қызмет етеді, профессорлық құрамның 20% — қазақстандықтар. 502 бала студенттер қатарына алынатын болады. 2011 жылы тіркелген талапкерлердің саны 2010 жылмен салыстырғанда 728 адамға көбейді, бұл 2010 жылғы көрсеткіштен 21% құрайды. 4247 үміткерлердің ішінен 502 адам Университетте оқуын бастады. Биыл жастар зерттеу жұмыстарының негіздерін оқып, академиялық ағылшын тілінен білімін арттырады және лабораториялық жұмыс дағдыларын жетілдірумен айналысатын болады. Foundation бағдарламасында 60-тан астам оқытушы сабақ береді, олардың 4 – қазақстандықтар. Университет тарихында Foundation бағдарламасын бітіргені туралы сертификат тұңғыш рет беріліп отыр. Ең озат 32 студентке сертификаттарды Назарбаев Университетінің ректоры Шигео Катсу өзі тапсыратын болады.

Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті: 010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115 +7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53