Nazarbayev University-дың сегіз ғалымы «Жылдың үздік ғылыми қызметкері» сыйлығын жеңіп алды

30 желтоқсан күні ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Жылдың үздік ғылыми қызметкері» жыл сайынғы сыйлығының 2025 жылғы нәтижелерін жариялады. Байқау қорытындысы бойынша ғылыми-зерттеу институттары, жоғары оқу орындары және түрлі ұйымдардың ғылыми бөлімдерінде қызмет ететін 50 ғалым лауреат атанды. Олардың қатарында Nazarbayev University-дың сегіз ғалымы бар.

Сыйлыққа Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Айшуақ Қонаров, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің қауымдастырылған профессоры Ардак Қашқынбаев, Негізгі зерттеу орталықтары және жоғары өнімді есептеулер басқармасының ғылыми қызметкері Александр Арбуз, сондай-ақ NU жанындағы National Laboratory Astana-ның бес жетекші ғылыми қызметкері — Аяулым Белгібаева, Батухан Татықаев, Бауыржан Үмбаев, Дәурен Ережепов және Олзат Тоқтарбайұлы лайық деп танылды.

Сыйлық «Ғылым және технологиялық саясат туралы» заңға сәйкес құрылып, ҚР ҒЖБМ жүзеге асырып жатқан ғалымдарға мемлекеттік қолдаудың жүйелі шараларының бірі саналады. Оның мақсаты — ғылым мен техниканың дамуына елеулі үлес қосқан ғылыми қызметкерлерді марапаттау және ғылыми-зерттеу қызметін ынталандыру.

NU ғалымдарын мемлекет тарапынан осылай жоғары бағалануымен құттықтай отырып, әрі қарай ғылыми-зерттеу жұмыстарына жаңа жетістіктер тілейміз!

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53