2023 жылдың 2 желтоқсанында Дубай қаласында (БАӘ) өткен БҰҰ Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясының 28-ші конференциясында (COP28) Назарбаев Университеті мен Халифа Университеті ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Бұл мәлімдеме екі институттың климаттың өзгеруінің өзекті жаһандық мәселесін шешуге деген ортақ міндеттемесін көрсетіп, ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюды қарастырады. Келісім әртүрлі бастамаларды, нақты айтсақ, студенттік зерттеулерді жүргізу, инженерия, жаратылыстану ғылымдары, медицина және денсаулық ғылымдары сияқты академиялық пәндер бойынша тәжірибе алмасу үшін бірлескен іш-шаралар ұйымдастыруды көздейді. Бұл өз кезегінде «жасыл» технологиялар, жасанды интеллект, материалдарды қайта өңдеу, жаңартылатын энергия, тұрақты даму, энергияны сақтау мен түрлендірудің озық материалдарын және т.б. қамтиды.
Назарбаев Университеті – Біріккен Араб Әмірліктерінің жас және жетекші оқу орны болып табылатын Халифа университетінің алғашқы серіктесі. Бұл ынтымақтастық Қазақстан мен БАӘ арасындағы институционалдық академиялық байланыстарды дамытудағы алғашқы қадам болып табылады. Екі мекеме де жаһандық тұрақтылыққа ықпал ететін және озық зерттеулерді ілгерілететін академиялық және зерттеу шеберлігіне ұмтылады.
Абу-Дабиде орналасқан Халифа ғылым және технологиялар университеті БАӘ-нің «2050 жылға қарай таза нөл» бастамасына сәйкес 2050 жылға қарай шығарындылардың нөлдік деңгейіне жетуге ұмтылатын озық оқу орны болып табылады. Тұрақты даму мен инновацияға баса назар аударуымен танымал Халифа университеті көптеген бағдарламаларды ұсынады. Халифа университеті Times Higher Education-ге сәйкес 2024 жылғы Әлемдік университеттер рейтингінде 251-300–ші орында. Оқу орны үш колледж, яғни инженерлік колледж, өнер және ғылым колледжі мен медицина және денсаулық сақтау ғылымдары колледжі аясында ұйымдастырылған. Халифа университеті 16 бакалавриат, 18 магистратура, 6 PhD және 1 MD бағдарламасы бойынша білім береді.








