ҚР Ұлттық тестілеу орталығының және оның өңірлік филиалдарының басшылары Назарбаев Университетінің Жоғар Білім мектебінде (NU GSE) болды. Мектептің вице-деканы, профессор Майкл Макоэлле мектеп жұмысының негізгі бағыттары туралы ал Дайындық мектебінің әкімшілік директоры Балжан Блискелдинова Назарбаев Университетіне түсу емтихандарын өткізу процесі туралы егжей-тегжейлі баяндап берді.
Университет қонақтары білім беру өлшемдері саласында маманданудан өткен NU GSE профессоры Мэтью Кортнидің презентациясымен танысып, оған үлкен қызығушылық білдірді. Доктор Кортни 2015 жылдан бастап 2019 жылға дейін мектептерде жаңартылған оқу бағдарламасын сынақтан өткізу нәтижелері бойынша ҚР Білім министрлігі (қазір Оқу-ағарту министірлігі) жинақтаған деректерді талдады. Зерттеу аясында министірлік ескі, дәстүрлі оқу бағдарламасы мен жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқитын мыңдаған бастауыш мектеп балаларының есеп дағдылары мен сауаттылығына мониторинг жүргізді.
Доктор Мэттью Кортнидің бұл деректерді зерттеуі қандай балалардың мектепке оқуға түсуге академиялық тұрғыдан әлдеқайда жақсы дайындалғанын көрсетті. «Балалардың мектепке барар алдында сауаттылық деңгейі мен есебіне үш негізгі фактор оң әсер етеді: балабақшаға ұзақ уақыт бару, балаларды білімді аналарының тәрбиелеуі, өнер бағдарламасына қатысу», — деп есептейді доктор Кортни.
Алынған нәтижелердің ішінде тағы бір қызықты факт қабылдау кезіндегі әртүрлі деңгей, баланың демографиялық сипаттамалары, оның мектепке дейінгі тәжірибесі мектептегі алғашқы бес жыл ішінде даму қарқынына (немесе өсуіне) ешқандай қатысы болмады. Бұл педагогтардың Қазақстандағы барлық оқушыларды оқуда қолдауының баламалы деңгейін қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.
«Алайда, менің бұл деректерді талдауым жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқитын балалардың дәстүрлі оқу бағдарламасы бойынша оқитын құрдастарына қарағанда әлдеқайда жылдам оқитынын және жаңартылған оқу бағдарламасының оң әсерін қазақ және орыс тілді балалар бірдей сезінетінін көрсетті, бұл да маңызды», — атап өтті доктор Кортни.
Сондай-ақ, іс-шара барысында осы зерттеуге өзінің баға жетпес үлесін қосқан NU GSE түлегі Данияр Керей-Кенжетай өз презентациясын жасады.
ҰТО Қазақстанның білім беру жүйесінде сыртқы емтихандар мен мониторингтердің барлық түрлерін ұйымдастырып, өткізетіндіктен, профессор Кортнидің ақпараты және оның білім беру зерттеулеріндегі бірегей тәжірибесі үлкен қызығушылық тудырады әрі ҚР Ұлттық тестілеу орталығының жұмысында іс жүзінде пайдалы болады.








