Рәсімде NU Вице-президенті Дархан Біләлов жаңадан сайланған академиктердің бірі болып таныстырылды. Дархан Нұрланұлының 4 авторлық куәлігі және жоғары рейтингі бар журналдарда 40-тан астам жарияланымы бар. Олар негізінен білім беруді жаңғырту, оқытушыларды даярлау және білім беруді қаржыландыру мәселелерін зерттейді.
Академияның ең жас мүшесі NU қауымдастырылған профессоры Дурвудхан Сураган болып таныстырылды. Математика ғалымы бірнеше ҚР мемлекеттік сыйлықтарының, сондай-ақ математика саласындағы беделді халықаралық «Ферран Суньер-и-Балагер сыйлығының» лауреаты болып табылады.
ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Дархан Ахмед-Заки жаңадан сайланған академиктерге дипломдар мен төсбелгілерді ресми түрде табыс етті.
Естеріңізге сала кетейік, National Laboratory Astana Бас директоры және NU Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінің профессоры Дос Сарбасов осы жылдың наурыз айында Президент жанындағы ҚР Ұлттық Ғылым академиясының вице-президенті болып тағайындалды.








