Кампус аумағында жаңа Студенттік орталық ашылды

Nazarbayev University кампусында 4-блоктың 3-қабатында орналасқан жаңа Student Community Center өз жұмысын бастады.

10 желтоқсанда студенттерге арналған жаңа кеңістіктің — Student Community Center-дің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Орталық студенттердің бос уақытын тиімді өткізуіне және бейресми қарым-қатынас жасауына арналған алаң ретінде құрылған. Ашылу рәсіміне университет басшылығы қатысты: NU президенті профессор Вакар Ахмад, атқарушы вице-президент Аслан Сәрінжіпов, студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Кадиша Дайырова, сондай-ақ университеттің өзге де өкілдері.

Student Community Center-де сурет салуға және шахмат ойнауға арналған арнайы аймақтар, медиа-контентті тамашалауға арналған кең кеңістіктер, сондай-ақ студенттер стендап жанрында өздерін сынап көріп, көпшілік алдында сөйлеу дағдыларын дамыта алатын «Еркін микрофон» аймағы қарастырылған.

Nazarbayev University ұлы қазақ ойшылы Абай Құнанбаевтың «Толық адам» пәлсапасын ұстанады. Бұл ілімге сәйкес, адам жан-жақты дамыған, тек білімді ғана емес, сондай-ақ жоғары адамгершілік құндылықтарға ие болуы тиіс. Университет осы қағидаттарды жүзеге асыра отырып, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамытуға және командалық жұмыс мәдениетін нығайтуға жағдай жасайды.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53