Қазіргі робототехника физика, математика, логика, информатика, сондай-ақ AI және нейрондық желілер туралы білімді біріктіреді. «Робототехника информатиканы тәжірибеде түсінуге көмектеседі, сонымен қатар өз жобаңды жасауға болады», — дейді NU SEDS 3 курс студенті Нұрлан Қабдышев. Бала кезінен ол ұшатын аппараттарды салуды және LEGO-дан әртүрлі автомобиль модельдерін жасауды ұнататын. Cоңғы бір жарым ай бойы немен айналысып жүргенін Нұрлан Еларна “Gamers.IT” бағдарламасында бөлісті.








