National Laboratory Astana биосенсорлар мен биоқұралдар зертханасы ДНҚ диагностикасы мен талдауы, онкологиялық ауруларды аз инвазивті емдеу технологиялары және медициналық құрылғыларға интеграциялау технологиялары саласында зерттеулер жүргізеді.
НУ-дың ғалымдары — зертхананың жетекшісі, Профессор Даниэль Тоси, ғылыми қызметкері Жаннат Ашықбаева, және аға ғылыми қызметкері Байзақ Құдайбергенов — онкологиялық ауруларды диагностикалау мен емдеудің интеллектуалды аз инвазивті озық әдістерін зерттейтін жобалардың бірі және оптикалық талшықтардың қасиеттерін неге зерттейтіні туралы айтты. Оптикалық талшықтардың пайдасы туралы толығырақ Labs.kz сюжетінен көрініздер.








