Шарада 24 стартап-команда EdTech, MedTech, FinTech, E-Commerce, IoT және т.б. салалардағы бизнес-инкубациялау және акселерация бағдарламалары аясында өз әзірлемелерін көрсетті. Үздік стартаптар NURIS-тен екі миллион теңгеге дейін алдын ала қаржыландыру мүмкіндігіне ие болды. Әр командаға қазылар алқасына, инвесторларға және БАҚ өкілдеріне өз стартаптарын ұсынуға небәрі үш минут уақыт берілген. «Біз екі инкубация және акселерация бағдарламамыздың демо күнін жасап жатырмыз. Бұл бастапқы кезеңде стартаптарды қолдау бағдарламалары, яғни біз жобаларды идеядан сатылымға дейін жеткізуге көмектесеміз, сонымен қатар жұмыс істеп тұрған стартаптардың ауқымын кеңейтуге, қаржыландыруды тартуға, сатылымдарды арттыруға және жаңа нарықтарға шығуға көмектесеміз», — деп түсіндірді NURIS бизнес-инкубаторының басшысы Асылжан Упашева. Толығырақ El.kz порталынын материалында.
Фото: El.kz








