Астанада зертханалық диагностика бойынша алғашқы тренинг-орталық ашылды

Жоба фармацевтика және диагностика саласындағы әлемдік көшбасшы, сондай-ақ Қазақстанның фармацевтика саласы мен денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы негізгі әріптесі Roche Diagnostics-пен бірлестікте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және "СҚ-Фармация" ЖШС қолдауымен іске асырылды. Тренинг-орталықтың негізгі міндеті – жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру.

Жоба фармацевтика және диагностика саласындағы әлемдік көшбасшы, сондай-ақ Қазақстанның фармацевтика саласы мен денсаулық сақтау жүйесін дамытудағы негізгі әріптесі Roche Diagnostics-пен бірлестікте ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және «СҚ-Фармация» ЖШС қолдауымен іске асырылды. Тренинг-орталықтың негізгі міндеті – жергілікті мамандардың біліктілігін арттыру.

Ашылу салтанатына ҚР денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова, NU вице-президенті және Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли, «Roche Diagnostics» компаниясының Орталық Азия және Кавказ елдеріндегі басшысы Хасан Демирджи, «University Medical Center» басқарма төрағасы Юрий Пя, «University Medical Center» атқарушы директоры Қаныбек Әшіров, «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев, сондай-ақ ведомстволық құрылымдар мен медициналық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Үлкен диагностикалық зертханалардың нақты жағдайдағы қағидалары мен ерекшеліктерін көрсететін тренинг-орталық зертханалық диагностикалық анализаторлармен және қан алу үшін қажет реагенттер жиынтығымен жабдықталған. NU Медицина мектебі Roche Diagnostics-пен бірлесіп, медициналық және ғылыми қызметкерлерді автоматтандырылған жоғары технологиялық жабдықты пайдалана отырып, заманауи диагностика әдістеріне практикалық оқытуды жүргізеді. Мәселен, Roche ұсынған жабдық көп адамнан қан алынған кезде толығымен дерлік автоматтандырылған ПТР-талдау жүргізуге мүмкіндік береді, бұл күнделікті негізде қолмен жасалатын жұмысты азайтады.

«Инновациялық тренинг-орталықты аша отырып, біз ауруларды дәлірек диагностикалауға мүмкіндік беретін зертханалық деректердің үлкен көлемін өңдеу үшін озық технологияларды іске қосамыз. Біздің мамандар енді халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған озық диагностикалық әдістемелерді әзірлеп, енгізе алады», — деді министр Ақмарал Әлназарова.

Өз кезегінде NU вице-президенті және Медицина мектебінің деканы Массимо Пиньятелли: «Тренинг-орталықтың іске қосылуы NU-дың сапалы медициналық білім беруді және әлемдік деңгейдегі мамандарды даярлауды қамтамасыз етуге талпынысын көрсетеді. Біз теориялық білім озық тәжірибемен түйісетін платформа құрдық, бұл біздің студенттер мен мамандарға ең күрделі зертханалық мәселелерді шешу үшін қажетті дағдыларды дамытуға және жетілдіруге мүмкіндік береді. Бұл бізді ауқымды зерттеулер жүргізуге және жаһандық медициналық қауымдастыққа айтарлықтай үлес қоса отырып, жаңа емдеу әдістерін әзірлеуге арналған ресурстармен қамтамасыз етеді», — деді.

Roche Diagnostics-тің ОА және Кавказ елдеріндегі басшысы Хасан Демирджидің айтуынша, кез келген денсаулық сақтау жүйесі профилактика сияқты маңызды компоненттердің біріне негізделеді, ол уақытылы тексеріс жүргізіп, кеш болмай тұрғанда ауруды анықтауға көмектеседі. «Roche анализаторларын жеке меншік қазақстандық зертханалар қан алу үшін пайдаланады. NU және UMC арасындағы серіктестікті мақтан етемін, себебі тренинг-орталықтың ашылуы медициналық инновацияларға қолжетімділікті кеңейту арқылы Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытуға және жергілікті мамандардың біліктілігін арттыруға ықпал ететініне сенімдімін», — деп қосты ол.

NU-да тренинг-орталықты іске қосу Қазақстандағы ғылыми және медициналық зерттеулердің дамуына серпін береді және жалпы денсаулық сақтау жүйесіне оң әсер етеді, себебі барлық клиникалық шешімнің шамамен 70%-ы дәл зертханалық талдаулардың нәтижелеріне негізделеді. Бұдан басқа диагностикалық бағытты дамыту елімізде отандық медициналық-фармацевтикалық кластерлерді құру жөніндегі жұмысты күшейтуге мүмкіндік береді.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53