Белгілі қазақстандық-америкалық биолог, Назарбаев Университетінің Астана Ұлттық Зертханасының (АҰЗ) бас директоры Дос Сарбасов ұжымымен бірге зерттеліп жүрген обырға қарсы дәрінің клиникалық зерттеулерінің басталуы туралы айтты. «Жақында біз клиникалық сынақтарды Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтымен бірлесіп бастадық. Бұл біздің клиникадағы алғашқы қадамымыз. Қазір бірінші кезеңнің жұмысы — уыттылық пен қауіпсіздікті тексеру», — деп бөлісті профессор. Сондай-ақ биолог зерттеу процесі туралы соңғы жаңалықтарымен бөлісіп, АҰЗ-ның басқа жобалары туралы айтып берді. Толығырақ — El.kz мақаласында.








