2023 жылғы 25 қаңтарда Назарбаев Университетіне Нидерланды Корольдігінің Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Тәжікстандағы өкілдігі Елшісінің орынбасары доктор Наут ван Вауденберг «Нидерланды Корольдігі. Бір Патшалық, төрт мемлекет: Еуропа және Кариб теңізі» тақырыбында қонақтық дәрісімен келді. Дәріс университет қауымы: студенттер, оқытушылар және қызметкерлер үшін өткізілді.
Доктор ван Вауденбергтің заң магистрі дәрежесі, Халықаралық жария құқық саласындағы PhD дәрежесі және PR және ақпарат саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі біліктілігі бар. Миссия басшысының орынбасары болып тағайындалғанға дейін Нидерланды Корольдігінің Аруба қаласындағы Сыртқы Істер Министрлігінде стратегиялық саясат жөніндегі кеңесші қызметін атқарды.
Наут ван Вауденберг мырза өз лекциясында мемлекет жүйесі, автономды елдердің ішкі құрылымы: Нидерланды, Корольдік құрамына кіретін Аруба және Кюрасао аралдары, сондай-ақ Кариб теңізіндегі Синт-Мартен аралының бір бөлігі туралы және олардың экономикалық жағдайы туралы айтты. Сонымен қатар, доктор ван Вауденберг Назарбаев Университетінің кітапханасына «Мемлекеттік иммунитет және мәдени нысандарды қарызға алу» және «Қарулы қақтығыстардағы мәдени құндылықтарды қорғау» атты екі жеке авторлық кітабын сыйға тартты.
Нидерланды Қазақстан Республикасы экономикасының ірі инвесторы және елдің ауыл шаруашылығы, энергетика, денсаулық сақтау, фармацевтика және технология секторларында бесінші ірі сауда серіктесі болып табылады. Дәріс соңында сұрақ-жауап сессиясы өткізілді, сондай-ақ қатысушылар барлық сұрақтарын қоя алды.








