Талқылау барысында ғылым бөлімшелерін жаңа құрамда қалыптастыру туралы шешім қабылданды, сондай-ақ бөлімшелердің төрағалары сайланды. Осылайша, «Білім және қоғамдық даму туралы» бөлімшесінің төрағасы болып NU вице-президенті Дархан Біләлов сайланды.
Ғылым бөлімшелерінің төрағалары болып сайланған академиктердің қызметі: бөлімшелердің қызметін үйлестіру, ғылымның жетекшілік ететін бағыттарын дамыту бойынша өзекті ұсыныстар әзірлеу, пәнаралық зерттеулер мен ғылыми бастамаларды ұйымдастыру, ғылымды дамытудың өзекті мәселелері бойынша ғалымдардың ұсыныстарын жинақтау, ғылыми іс-шаралар өткізу, ғылымды дәріптеу; НБҚ (ПЦФ) бойынша ғылыми-техникалық тапсырмаларды айқындау және талдау жөніндегі сараптамалық топтардың басшылығына бағытталатын болады.








