НУ-да АӨСШК Жастар Кеңесі өтті

Азиядағы Өзара іс-қимыл және Сенім Шаралары Кеңесі (АӨСШК) Жастар Кеңесінің V-ші отырысына Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов, АӨСШК хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, Назарбаев Университетінің вице-президенті Хадиша Даирова, Катар, Иордания, Израиль, Палестина, Өзбекстан, Иран, Ресей, Қырғызстан, Қытай, Пәкістан, Тәжікстан, Тайланд, Бангладеш, Ирак жастар қоғамдастықтары мен мемлекеттік органдарының өкілдері қатысты. Сондай-ақ БҰҰДБ, ТүркПА және ШЫҰ халықаралық ұйымдарының өкілдері қатысты.

АӨСШК жиынның Жастар Кеңесінің табысты қызметін атап өтіп, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов өзара әрекеттесу үшін виртуалды алаң ұйымдастыруды ұсынды. «Ең өзекті мәселелердің бірі – жастар ресурстық орталықтарының құрылымын жаңарту, қайта іске қосу және әкімдер жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңестерді қайта іске қосу. Біз формализмнен бас тартып, мәселелерді проблемалық талқылауға жақындап, шындықты өзгертуге дайын жастарды тартқымыз келеді», — деді Данилов.

Назарбаев Университетінің вице-президенті Қадиша Даирова форумда сөз сөйлеп, жастарды тыңдап, оларды естіген жөн деп санайды. «Біз жастардың мәселесін шешпей, оларды осы мәселелерді шешуге тартуға шақырамыз. Бұл біздің ұранымыз. Оларға мақтау айтудың қажеті жоқ, олармен ынтымақтастықта болукерек, олармен жұмыс істеу керек. Біз бүгінгі жастарымыздың алдында тұрған барлық мәселелерді шешпейміз, бірақ бұл кездесу нетворкинг құруға, болашақта ынтымақтастық орнатуға тамаша мүмкіндік береді деп сенемін», – деді Қадиша Даирова.

Пленарлық отырыс пен панельдік пікірталастар барысында қатысушылар жастар мен студенттер алмасу бағдарламалары, жастардың радикалдануына қарсы іс-қимыл, жастар арасында суицидтің, нашақорлықтың алдын алу шаралары сияқты өзекті мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар АӨСШК мен жастар ұйымдары арасындағы диалог пен серіктестікті жандандыруға, сондай-ақ өзекті мәселелерді шешуге жастар қоғамдастықтарының қатысуын қолдауға келісті.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53