NU профессоры Каресс Шенк Хабар24 телеарнасының «Қазақстан — жерұйық» бағдарламасында Қазақстандағы өмірі туралы әңгімеледі. Профессор Назарбаев Университетінің Саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасына 2011 жылы орналасып, салыстырмалы саясаттану, ұлттық сәйкестік, көші-қонды бақылау және Еуразиялық саясат бойынша маманданған. Ол көптеген қазақстандық студенттердің еңбек етіп, елін дамытқысы келетінін атап өтті.








