Бал аясында өтетін гала-кеш қатысушыларға қоғамдық жұмыстың маңызын көрсетіп, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге мүмкіндік береді. Әр жылда бір тақырып таңдалады. Аstana Ball 2024 маскарад ретінде өтті. Кештің ең қызықты бөлігі дебютанттар вальсы болды – барлығы 14 жұп ортаға шығып биледі.
«Бұл қайырымдылық кеш жабық, оған тек NU қоғамдастығы қатыса алады. Оған қарамастан, әр қалаған адам осындай игі іске қол ұшын соза алады. Ұйымдастырылған концертте студенттер мен студенттік клубтар, сондай-ақ “Бақытты Шаңырақ” қорының балалары өнер көрсетті. Осы іс-шараны ұйымдастыруға біздің команда мүшелері бес ай жұмсады. Қайырымдылық кеш аясында жалпы біз NU студенттері арасында әлеуметтік және азаматтық белсенділікті ілгерілетумен жұмыс істеудеміз», — дейді SEDS факультетінің 2-курс студенті, OffStage студенттік клубының президенті Арман Наров.
Шараға ірі компаниялар мен ұйымдар қолдау көрсетіп отыр, бұл, өз кезегінде, оның ықпалын күшейте түспек. Балдың бас демеушілері – еліміздегі негізгі мырыш өндірушісі «Қазмырыш», сондай-ақ халықаралық Oriflame компаниясы.
Шараның маңызды серіктесі – мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларға көмек көрсететін «Бақытты Шаңырақ» әлеуметтік қоры. Қор барлығы 796 отбасыға қолдау көрсетеді – түрлі шеберлік сағаттары мен курстар ұйымдастырып, қолдау көрсететін орта қалыптастыруға ықпал етеді.
Осындай ұйымдармен серіктестік орната отырып, Astana Ball жастардың бизнес және қоғаммен байланысын нығайтуға септігін тигізіп, әлеуметтік және мәдени өзгерістер үшін тұрақты платформа құрып отыр.
Бейнежазбаны осы сілтеме арқылы көре аласыз.







