АСЕАН бұрышы НУ кітапханасында ашылды

2022 жылдың 16 қарашасында Назарбаев Университеті кітапханасында Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясынің (АСЕАН) кітап бұрышы ашылды. Ашылу салтанатын Вьетнам, Индонезия, Малайзия және Таиланд елшіліктерінің өкілдері өткізді.

2022 жылдың 16 қарашасында Назарбаев Университеті кітапханасында Оңтүстік-шығыс Азия елдерінің ассоциациясынің (АСЕАН) кітап бұрышы ашылды. Ашылу салтанатын Вьетнам, Индонезия, Малайзия және Таиланд елшіліктерінің өкілдері өткізді. Лента қию рәсімін Жоғары мәртебелі Индонезия Республикасының ҚР-ғы Елшісі Доктор Мохамад Фаджроэл Рахман, Жоғары мәртебелі Малайзия Елшісі Дато Сайед Мохамад Бакри бен Сайед Абд Рахман, Жоғары мәртебелі Вьетнам Республикасының ҚР-ғы Елшісі Фам Таи Нху Май, Тайланд Елшілігінің ҚР-ғы істері бойынша уақытша сенімді өкілі доктор Оратаи Пбунлап Гунасилан өткізді.

Назарбаев Университеті тарабынан Президент Шигео Катсу, Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президент Қадиша Даирова және кітапхана директоры Джеральд Кавана сыйға берілген кітаптар және университетпен ынтымақтастық үшін алғыстарын білдірді.

АСЕАН елдері мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық және сауда қатынастары студенттерді, ғылыми қызметкерлерді және басқа да қонақтарды біріктірген панельдік пікірталастың тақырыбы болды. Шара музыкалық қойылыммен және ұлттық тағамдар фуршетімен аяқталды.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53