«Ашық әрі идеяшыл» — жұмыс берушілер NU түлектері туралы

2023 жылдың 10 наурызында «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ студенттердің кәсіптік тәжірибесі мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Жәрмеңке қызмет бағыттарына бөлінді, олардың ең ірілері: машина жасау, IT секторы, білім беру, денсаулық сақтау, консалтинг, мұнай-газ өнеркәсібі, геология.

2023 жылдың 10 наурызында «Назарбаев Университеті» ДББҰ-да түлектерді жұмысқа орналастыру, сондай-ақ студенттердің кәсіптік тәжірибесі мен тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру мақсатында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңке қызмет бағыттарына бөлінді, олардың ең ірілері: машина жасау, IT секторы, білім беру, денсаулық сақтау, консалтинг, мұнай-газ өнеркәсібі, геология.

60-қа жуық астам жұмыс берушілер арасында отандық және халықаралық ұйымдар, квазимемлекет мен жеке сектор өкілдері қатысты. Олардың ішінде: «Kazakhmys Holding» ЖШС, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы», «Бизнес және Технологиялық Сервис» ЖШС, «Қазақстан Парамаунт Инжиниринг» ЖШС, «Қазақстан Аселсан Инжиниринг» ЖШС, «Казфосфат» ЖШС және т.б.

Назарбаев Университетін МВА дәрежесімен тәмамдаған, қазір компанияның осы университеттегі амбассадоры болып табылатын «SLB» (Schlumberger) ірі мұнай кәсіпшілігінің сервистік компаниясының қызметкері Оңғарбай Жантөре ұйымның NU түлектеріне деген үлкен қызығушылығы туралы айтты:

«Назарбаев Университетінің студенттері өте мықты, бізде ҚБТУ мен Сәтбаев атындағы университетінің түлектері де бар, бірақ мен NU рейтинг бойынша көш бастап тұрғанын жасырмаймын, атап айтқанда, олардың техникалық ойлауы дамыған, әртүрлі салаларда жетістіктері бар, «PetroBowl» сияқты жарыстарға қатысады. Сұхбат барысында студенттер бізді білімдерімен тәнті етті. Біз инженерлік студенттерге қызығушылық танытамыз, бірақ бүгін математиктер де келді — олар да сұраныста, өйткені бізге техникалық ойлау қабілеті бар адамдар керек».

Мұндай жәрмеңкенің тамаша артықшылығы — көптеген жұмыс берушілер студенттерге тағылымдамадан өтуді ұсынады, нәтижесінде компанияға жұмысқа орналасуға мүмкіндік береді. Data Science және Machine Learning бойынша білімі мен дағдылары бар үміткерлер, әсіресе IT-компаниялар тарапынан жоғары сұранысқа ие болды.

«Кітапшаларымызды санасақ, бізге 100-ден астам студент келді. KAP Technology «Қазатомөнеркәсіптің» еншілес кәсіпорны ретінде IT жұмысына маманданған, корпоративтік порталды дамыту, ішкі даму бағыттары бар. Біз Data Science мамандарына қызығушылық танытамыз және тікелей “Қазатомөнеркәсіпте” тағылымдамадан өтуді көздеп отырмыз. Бізге келген НУ студенттерінің көпшілігі Data Science және Machine Learning — атап айтқанда, эксплуатация, әкімшілік бөлімде оқитынын байқадық. Назарбаев Университетінің студенттері біздің компанияда кейбір жобаларды жүзеге асыру тұрғысынан айтарлықтай ашық, өршіл әрі идеяшыл болып таңытып жүр өздерің», — деді ЖШС «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ IT-интеграторы — «KAP Technology» ЖШС технологиясының өндірісі бойынша бас директорының орынбасары Бақытжан Имажанов.

Назарбаев Университет қабырғасында мұндай бос жұмыс орындар жәрмеңкесі соңғы рет 2015 жылдың сәуір айында өтті. Сегіз жылдан бері бұл 700-ден астам студент қатысқан алғашқы ауқымды жәрмеңке. Болашақ түлектер өз түйіндемелерін қалдыруға, сұрақтар қоюға, бос орындар, тәжірибе және тағылымдамадан өту туралы ақпарат алуға мүмкіндік алды.

«Біздің студенттердің үлкен артықшылығына келсек, олар жаңа нәрсені тез үйренеді. Жылдам үйрену және бейімделгіштік жұмыс берушілер тарапынан жоғары бағаланады. NU студенттері бірінші курстан бастап академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, қажетті ақпаратты өз бетімен табуға, оны дұрыс келтіре білуге ​​үйренетіндіктен, жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады», — деді Лилия Тлеукенова, NU мансап және кәсіптік бағдарлау орталығының бас менеджері.

NU бос жұмыс орындары жәрмеңкесі жыл сайынғы іс-шараға айналады және оның нәтижелері бойынша университеттің мансаптық платформасында практикаға, тағылымдамадан өтуге және бос орындарға ағымдағы бос орындарды жариялау жоспарлануда.

Университет бос орындар жәрмеңкесін жыл сайынғы іс-шараға айналдыруды жоспарлап отыр, оның қорытындысы бойынша компанияларда тәжірибе және тағылымдамадан өту үшін ағымдағы бос орындарды, сонымен қатар университеттің мансаптық платформасында бос орындарды жариялау жоспарлануда.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53