Назарбаев Университетінің түлегі Нұрсұлтан Хамзин Forbes басылымына Amazon-дағы тәжірибесі Tele2/Altel-де стратегиялық бағытты басқаруға қалай көмектесетінін айтып берді. Нұрсұлтан McKinsey-дегі тәжірибесі, Гарвард бизнес мектебінде оқығаны туралы айтып, Қазақстандағы 5G желісі туралы пікірімен бөлісті.
«Мен Назарбаев Университетінің алғашқы түлектерінің бірімін. Инженер-химик мамандығын оқыдым. Бітірген соң Америкаға баратын болдым. Мені Schlumberger-ге шақырды, бірақ сол кезде мен McKinsey-де жұмыс істеуге дайындалдым, ондағы жалақы үш есе аз болғанына қарамастан. Ол кезде виза алмаймын деп үміттенген жалғыз мен болсам керек. Мен компанияның шақыруын қабылдаған жағдайда, елшіліктің визадан бас тартуы қалыпты түсініктеме болар еді. Маған виза бермеді. Мен бұл дұрыс таңдау болғанына әлі де сенімдімін, мен өз елімді шын сүйемін және осында көбірек пайда әкелемін деп ойладым», — деді Нұрсұлтан.








