NU-ға түсу: Санаттар және маңызды күндер

Университетке қабылдау процесі барлық мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын алаңдатады. Назарбаев Университеті Foundation мен бакалавриат бағдарламаларына түсу ережелерін дұрыс түсіну үшін, 2024-2025 оқу жылы бойынша түсу ережелеріндегі өзгерістер туралы хабардар еткісі келеді, сондай-ақ назарларыңызға уақыт кестесін ұсынады.

Университетке қабылдау процесі барлық мектеп түлектері мен олардың ата-аналарын алаңдатады. Назарбаев Университеті Foundation мен бакалавриат бағдарламаларына түсу ережелерін дұрыс түсіну үшін, 2024-2025 оқу жылы бойынша түсу ережелеріндегі өзгерістер туралы хабардар еткісі келеді, сондай-ақ назарларыңызға уақыт кестесін ұсынады.

Университет әрдайым меритократия және академиялық жетістіктер қағидаттарына сүйене отырып, Қазақстанның және шетелдің барлық мектептерінің түлектерін қабылдауды жалғастырады.

Өткен жылмен салыстырсақ, 2024-2025 оқу жылында Foundation және бакалавриатқа өтінімдерді қабылдау бір уақытта — 16 қазаннан — басталған. Осы оқу жылдан бастап тіркеу процесін жеңілдету, тіркеу жарнасының құнын төмендету және талапкерлердің мүмкіндіктерін арттыру үшін екі бағдарламаға өтініш беру процесін біріктіру туралы шешім қабылданды.

Осы оқу жылдан бастап біріккен комиссия бір рет өтініш берген талапкерді бірден екі бағдарламаға қарастыратын болады. Енді екі бағдарламаға қабылдау нәтижелері бір уақытта шығады.

Сондай-ақ, 2024 жылы өтінімдерді қабылдау рәсімін наурыз айының соңында, бұрынғыдан үш апта бұрын аяқтау жоспарлануда. Осылайша, іріктеудің барлық кезеңінен сәтті өткен талапкерлер Университеттен шақыруды бұрынғыдай шілдеде емес, мамыр айында алады. Мамыр айында нәтиженің шығуы NU-ға түспегендерге ҰБТ нәтижелері бойынша республикалық грант конкурсына қатысуға және еліміздің басқа жоғары оқу орындарына уақтылы оқуға түсуге мүмкіндік береді.

Назарбаев Университетке оқуға түсу үшін барлығы 5 санат бар. Олар тек пәндік емтихан бойынша ерекшеленеді, бірақ бәрі тең әрі эквивалентті. Әр талапкер өзіңе сәйкес келетін санатты таңдайды. Айта кетейік, Назарбаев Университеті оқуға түсушілердің барлық санаттары үшін сертификаттардың қорытынды нәтижелерін ғана қабылдайды. 2024-2025 оқу жылына тіркелу үшін SAT/ACT, ІВ Diploma және A-level/NIS Grade 12 Certificate санаты бойынша оқуға түсетін талапкерлердің сертификат/емтихан нәтижелері 2024 жылғы 27 наурызға дейін дайын болуы тиіс.

Жоғарыда аталған өзгерістер туралы Университет өтінімдерді қабылдауды бастамас бұрын өзінің ресми сайтында хабардар етті.

Сондай-ақ, NUET тапсыратын талапкерлер үшін өтінімдерді қабылдау бірнеше күнге ұзартылған. Қабылдау 7 желтоқсан күні Астана бойынша сағат 12-де аяқталатынын хабарлаймыз.

Шетелдік талапкерлер үшін өтінімдерді қабылдау 2024 жылғы 29 ақпанға дейін жүзеге асырылады.

Қалған санаттағы ҚР азаматтары үшін өтінімдерді қабылдау 2024 жылдың 27 наурызына дейін жалғасады.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53