Департамент директорларын, декандарды, кафедра меңгерушілерін қоса алғанда, Университеттің орта басқарушылық буыны болып табылатын, 70-ке жуық қызметкер екі ай ішінде келесі тақырыптар бойынша оқудан өтеді: команда мен адам ресурстарын басқару, ғылыми жобаларды қаржыландыру және басқару және фандрайзинг, академиялық процестерді реттеу, оқыту мен оқудың сапасын қамтамасыз ету және арттыру, гранттық қаржыландыруға зерттеу жоспарын/өтінім жазу, білім беру бағдарламаларының архитектурасы және басқалар.
Топ мүшелерінің осы салалардағы білімі мен дағдыларын қалыптастыру Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің академиялық шеберлігіне қол жеткізу үшін үлкен қадам болмақ.
Болашақ қатысушылардың арасында ең тиімді курсты жобалау үшін олардың қажеттіліктері мен күтілетін нәтижелерін анықтау үшін арнайы сауалнама жүргізілді. Семинар тақырыптарын тыңдаушылардың өздері таңдайды.
Курсты Жоғары білім беру мектебі Назарбаев Университетінің басқа мектептерімен және бөлімшелерімен, оның ішінде Жоғары бизнес мектебі, Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі, Провост офисі, Университет кітапханасы, сондай-ақ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігімен бірлесіп өткізеді.








