Таңдаған факульттердің тізімінде Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебі (пәндік емтихандар: математика және сыни тұрғыдан ойлау), Инженерия мектебі (математика және физика), Ғылым және технологиялар мектебі (математика және физика) бірінші орын алып отыр. 1227 талапкердің ішінде – 657 қыз және 570 жігіт. Назарбаев Университеті естеріңізге салады: Университет 2012 жылы Foundation бағдарламасы бойынша оқыту жүргізбей-ақ, бакалавриат бағдарламасына тікелей оқуға қабылдайды. Осы талапкерлерді қабылдау ережелері мен онлайн-тіркеу жаңа жылда Университет сайтында ашылады. 2011 жылы Назарбаев Университетіне 4247 талапкер тіркелді, олардың 501 Университет студенттері атанып, ағымдағы жылдың күзінде оқуларын бастады.
Назарбаев Университетінің Коммуникациялар және маркетинг департаменті: 010000, Астана, Қабанбай батыр д., 53, каб.1115 +7(7172)706091, 706087, 706089, 706618, 706090








