6 сәуірде Назарбаев Университетінің Жаратылыстану әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебінде Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Съезі туралы дәріс өтті. университетке спикер болып Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығының Басқарма Төрағасы Б.Сәрсенбаев келді. Б.Сәрсенбаев студенттерді бейбіт өмір сүрудің, толерантты қоғам құрудың және конфессияаралық диалогтың қазақстандық моделімен таныстырып, VII Съездің қорытындылары туралы, оның халықаралық аренада ерекше рөлін атап өтті, деп хабарлайды Хабар 24.








