Астанада биомедициналық технологиялар бойынша ауқымды конференция өтті

2024 жылғы 13-15 мамыр аралығында NU-да Биомедициналық және биосенсорлық бағытта қолдануға арналған озық материалдар, сондай-ақ озық биомедициналық нанотехнологиялар бойынша III еуразиялық халықаралық конференция өтті. 60 адам қатысқан конференцияда нанофармацевтикалық платформалар, биосенсорлық технологиялар, микробқа төзімділік пен биопленкаға қарсы тұру және ісіктерді емдеу үшін нанотехнологияны қолдану сияқты тақырыптар талқыланды.

2024 жылғы 13-15 мамыр аралығында NU-да Биомедициналық және биосенсорлық бағытта қолдануға арналған озық материалдар, сондай-ақ озық биомедициналық нанотехнологиялар бойынша III еуразиялық халықаралық конференция өтті.

60 адам қатысқан конференцияда нанофармацевтикалық платформалар, биосенсорлық технологиялар, микробқа төзімділік пен биопленкаға қарсы тұру және ісіктерді емдеу үшін нанотехнологияны қолдану сияқты тақырыптар талқыланды. Спикерлер арасында Сапиенца университетінің (Италия), Августа университетінің (АҚШ), Ноттингем университетінің және Макао университетінің (Қытай) халықаралық деңгейде танылған сарапшылары болды.

“Жергілікті және халықаралық сарапшылардың ғылыми баяндамалары пішіні бойынша да, мазмұны бойынша да жоғары деңгейде болды”, — деді Ноттингем университетінің профессоры Миша Зальцер.

Сонымен қатар ол NU зертханаларының инфрақұрылымы Қазақстандағы ғылымның дамуына ықпал ететінін атап өтті. Оған қоса, ғалымның айтуынша, бұл конференция басқалардан тәжірибелік жұмыстарға баса назар аударатынымен ерекшеленеді.

“Биомедициналық және биосенсорлық бағытта қолданылатын озық материалдарды әзірлеу бүгінде адамзат алдында тұрған түрлі қиындықтарды шешуде маңызды рөл атқарады. Конференцияның мазмұны осы саладағы жаңалықтармен жақсы байланысқан”, — деді Августа университетінің профессоры Мұстафа Чулха.

2021 жылы құрылғаннан бері бұл шара нанотехнология және биомедициналық ғылымдар саласында ынтымақтастық орнатып, озық жетістіктермен бөлісетін алаңға айналды. Үш күн ішінде қатысушылар аталған сала бойынша құнды білім алды.

Биомедициналық және биосенсорлық бағытта қолдануға арналған озық материалдар, сондай-ақ озық биомедициналық нанотехнологиялар бойынша III еуразиялық халықаралық конференция – NU-дың ғылымды дамытуға және жаһандық деңгейде ынтымақтастық орнатуға ұмтылысының жарқын үлгісі. Бұл шараның биомедициналық бағытта қолданылатын нанотехнология саласындағы пәнаралық зерттеулерді дамытудағы маңызды қадам екені сөзсіз.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53