НУ-да корейтану бойынша 8-ші Орталық Азия конференциясы өтті

Назарбаев Университетінде корейтану бойынша 8-ші Орталық Азия конференциясы өтті. Онлайн іс-шараны Орталық Азиядағы корейтану профессорларының қауымдастығы Назарбаев Университетінің корейтану орталығымен, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ корейтану орталығымен және Бішкектегі Орталық Азия институтының Корейтану орталығымен бірлесіп, Корей қорының қолдауымен өткізді.

Назарбаев Университетінде корейтану бойынша 8-ші Орталық Азия конференциясы өтті. Онлайн іс-шараны Орталық Азиядағы корейтану профессорларының қауымдастығы Назарбаев Университетінің корейтану орталығымен, Абылай хан атындағы ҚазХҚ және ӘТУ корейтану орталығымен және Бішкектегі Орталық Азия институтының Корейтану орталығымен бірлесіп, Корей қорының қолдауымен өткізді.

Конференция барысында Орталық Азияда корейтануды дамыту перспективалары, сондай-ақ қашықтықтан және онлайн-оқытудың өскелең қажеттілігіне дайындық шеңберінде өңір университеттерінде корейтану орталықтары желісін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды.

[su_carousel source=»media: 47852,47844,47845,47846,47847,47848,47849,47853,47854,47855,47856,47857″ limit=»41″ link=»lightbox» width=»1000″ height=»300″ responsive=»no» title=»no» pages=»yes» autoplay=»2000″]

Конференцияны Назарбаев Университеті Жаратылыстану, гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар мектебінің корейтану орталығы ұйымдастырды. Орталықтың басты мақсаты – Қазақстанда корейтануды ілгерілету және оның Орталық Азия өңірінде кеңінен таралуына жәрдемдесу. Ол корей тілінде саясат, экономика, әлеуметтану, мәдени және лингвистикалық зерттеулерді қоса алғанда, әртүрлі пәндер бойынша ең маңызды ақпарат пен білім береді.

Конференцияның модераторлары ретінде Назарбаев Университетінің Hoyoun Koh (саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы), Younju Cho (тілдер, Лингвистика және әдебиет кафедрасы) және Chunho Park (саясаттану және халықаралық қатынастар кафедрасы) профессорлары сөз сөйледі. Профессор Cho корей тіліндегі онлайн курстарды дамыту бойынша өз зерттеулерін ұсынды. Профессор Koh өзінің панельдік презентациясында Назарбаев Университетіндегі қашықтықтан оқытудың ағымдағы жағдайы туралы айтып берді.

Конференция алғаш рет онлайн-режимде өткізілді, оның жұмысына 70-тен астам адам қатысты, оның ішінде Орталық Азияның Корея институтынан 30-дан астам қатысушы, олар қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, онлайн-оқыту тәжірибесімен бөлісті.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53