Ғылым

Мүмкіндіктер

Зертханалар мен мүмкіндіктер

С4 блогында орналасқан алты қабатты Пәнаралық зерттеу корпусы (IRB) Назарбаев Университетіндегі ғылыми зерттеулердің негізгі орталығы. Бұл орталық 18,400 м2 зерттеу алаңын ұсынады, оның ішінде 120 зертхана, кеңселер және биотехнология, физика, материалтану, аналитикалық химия, робототехника және басқа да салалардағы түрлі жобаларды қолдауға арналған негізгі ғылыми жабдықтар орналасқан. IRB STEM салаларындағы кең ауқымды зерттеулердің дамуына ықпал етіп, Назарбаев Университетінің ішінде, Қазақстандағы басқа да жоғары оқу орындарымен және халықаралық серіктестермен пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға жағдай жасайды.

Analytical Chemistry

Electron Microscopy

Materials Science

Analytical Chemistry

IRB құрамында университеттің негізгі ғылыми жабдықтарын басқаруға жауапты Ұжымдық пайдалану кеңсесі (ҰПК) жұмыс істейді. ҰПК-нің негізгі мақсаты — Назарбаев Университетінің ғылыми қауымдастығын — оқытушыларды, зерттеушілерді және студенттерді — заманауи ғылыми жабдықтарды пайдалану мүмкіндігімен және ғылыми-техникалық сарапшылардың қолдауымен қамтамасыз ету.

2025 жылға қарай ҰПК-де төрт негізгі бағытты қамтитын 84 ғылыми аспап жұмыс істейді: аналитикалық химия, материалтану, электрондық микроскопия және биология. Бұл мүмкіндіктер зерттеулердің кең спектрін жүргізуге жағдай жасайды, соның ішінде: химиялық талдау үшін хроматография және масс-спектрометрия, жұқа қабықшаларды тұндыру және нанофабрикация, материалдарды сипаттауға арналған сканирлеуші және өтімді электрондық микроскопия, сондай-ақ цитометрия, конфокалды микроскопия, молекулалық биология әдістері және тағы басқа.

Ұсынылатын қызметтер

  • Ғылыми жабдықтарын қолдану мүмкіндігі — ғылыми қызметкерлерге, студенттерге және оқытушыларға алдын ала брондау арқылы беріледі.
  • Оқыту — ғылыми қызметкерлер мен студенттерге жабдықтармен және зертханаларда дербес жұмыс істеуге мүмкіндік беретін арнайы оқыту және тренингтер.
  • Аналитикалық қызметтер — ҰПК-нің білікті мамандары ішкі пайдаланушыларға және де сыртқы серіктестерге эксперименттер мен талдаулар жүргізе алады.
  • Консультациялар — эксперименттерді әзірлеуге, үлгілерді дайындауға, техникалық мәселелерді шешуге көмек көрсету.
  • Техникалық қызмет көрсету — ғылыми жабдықтардың үздіксіз және қауіпсіз жұмысын тұрақты техникалық қызмет көрсету арқылы қамтамасыз ету.

 

Ғылымның дамуына үлес қосу

ҰПК Назарбаев Университетінің барша ғылыми қауымдастығына — оқытушыларға, зерттеушілерге және студенттерге ашық. Сонымен қатар, ҰПК индустриялық серіктестермен, өңірлік институттармен және ғылыми ұйымдармен белсенді серіктестік қатынастарды дамытады.

ҰПК Назарбаев Университетінде озық зерттеулерді қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады. ҰПК-ның ғылыми инфрақұрылымы мен қызметкерлерінің тәжірибесі ғылыми жарияланымдардың, патенттердің, бірлескен жобалардың пайда болуына, сондай-ақ елдегі жас ғалымдар мен инженерлердің жаңа буынын дамытуға үлесін қосады. Қосымша ақпарат алу үшін ҰПК сайтына кіріңіз: cf.nu.edu.kz

News & Updates:

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53