form-button success-icon

Success

Thank you, your application has been accepted! We will contact you shortly
form-button success-icon

Қате

Sorry something went wrong. Please try again

Өтініш берушілер

барлық бағдарламалар

МАГИСТРАТУРА

Магистратура жоғары білімнің екінші кезеңі болып табылады. Оқыту 16 айдан 2 жылға дейін созылады (ерекшелік: Медицина ғылымдарының докторы - 4 жыл және Резидентура - 3-5 жыл, мамандыққа байланысты).

Толық ақпарат алу

Магистратура бағдарламаларына бакалавриат дәрежесін (немесе оның баламасын) игерген үміткерлер өтінім бере алады. Онлайн өтінім беру кезеңінде бакалавриаттың соңғы оқу жылының студенттері Қабылдау комиссиясының қарауына ағымдағы академиялық үлгерімі көрсетілген ресми транскриптті ұсына алады.

Студенттердің көпшілігі Қазақстан Республикасының мемлекеттік білім беру гранты негізінде оқиды. Сондай-ақ, ақылы оқуға түсу немесе қаржыландырудың басқа түрлері арқылы оқу мүмкіндіктері қарастылырған. 

Ақылы оқуға түсу барлық қабылдау талаптарына сәйкес келетін, бірақ төмен рейтингке/орынға және грант санының шектеулі болуына байланысты жоғарыда аталған гранттардың ешқайсысын ала алмаған үміткерлерге қол жетімді. Назарбаев Университеті жыл сайын ақылы оқуға квоталар санын  Мектептердің сыйымдылығын ескере отырып бекітеді.

Назарбаев Университетінде білім беру қызметтерін көрсету талаптарымен осы сілтеме арқылы танысуға болады.

foundation-about
Тіркеу кезеңдері
Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы
Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі
Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
Медицина мектебі
Тау-кен ісі және Жер туралы ғылымдар мектебі
Жоғары бизнес мектебі
Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
Жоғары білім беру мектебі
Пайдалы ақпарат

Конкурсқа қатысу өтінімін тапсыру үшін үміткерлер келесі қадамдар реттілігін сақтауы қажет:

1 – қадам. 

Жеке кабинет ашу

Admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажетті ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Магистратура/Резидентура» бағдарламасын таңдау кажет.

Тіркелуді аяқтағаннан кейін Сіздің электрондық поштаңызға жіберілген авторизация сілтемесі арқылы тіркелуді растаңыз.

Жеке кабинетіңізде өтінім тапсыру нұсқаулығымен міндетті түрде танысып өтіңіз.

2 – қадам. 

Сауалнама нысанын толтыру

Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде Step 1 сілтемесін ашыңыз. Application Form сауалнама нысанын онлайн толтырыңыз және онлайн нысанға сәйкес дербес деректерді өңдеуге келісіміңізді беріңіз. Сауалнаманың барлық сұрақтарына жауап бергеннен кейін жеке ақпаратты тексеріп, «Upload» батырмасын басыңыз.

3 – қадам. 

Қажетті құжаттарды тапсыру

Сауалнама нысанын толтырғаннан кейін, Step 2 бөлімінде қажетті құжаттарды жүктеу қажет.

Қажетті құжаттардың форматы Жеке кабинетте көрсетілген.

Жеке кабинеттің «Profile» бөліміне құжаттарға арналған 3*4 форматындағы фотоны жүктеңіз.

4 – қадам. 

Тіркелу жарнасын төлеу

Тіркелу жарнасы Жеке кабинеттің «My Application Forms» бөлімінде банк картасы арқылы онлайн түрде төленеді.

Тіркелу жарнасы 5 000 теңгені (ерекшелік - Жоғары бизнес мектебі) құрайды. Тіркелу жарнасы өтінімдерді қабылдаудың бірінші ресми бекітілген мерзімге дейін соңғы екі апта ішінде және/немесе өтінімдерді қабылдауды ұзарту кезеңінде төленген жағдайда төленетін сомадан 3 есе артады. Бұл сома  қайтарылмайды.

Банк арқылы қаражат аударылатын төлем қабылданбайды. Үміткерлер Назарбаев Университетінің 2-ден артық магистратура / докторантура бағдарламаларына өтініш бере алмайды. Осыған байланысты 2 реттен артық төлем жасамауды сұраймыз.

Екі бағдарламаға қабылданған жағдайда үміткер тек бір бағдарламаны таңдауы тиіс.

Жеке банк картасы жоқ үміткер басқа адамның картасын пайдалана алады.

5 – қадам. 

Өтініш беруді аяқтау

Жоғарыда көрсетілген іс-әрекеттер жасалғаннан кейін міндетті түрде «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басыңыз. Осы кезде өтінім аяқталған болып есептеледі.

Өтінім аяқталғаннан кейін сауалнама нысанына және жүктелген құжаттарға өзгерістер енгізу мүмкін емес.

Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің қызметкерлері Сіздің өтініміңіз бен құжаттарыңызды тексереді және, қажет болған жағдайда, Сізге электрондық поштаңызға қандай құжаттарды және қай күнге дейін түзету керектігін хабарлайды. Толық емес және қате толтырылған (түзетілмеген) өтінімдер конкурста қарастырылмайды.

6 - қадам. 

IELTS/ TOEFL сертификатын ұсыну

Үміткерлер IELTS/TOEFL сертификаттарын тапсыру үшін келесі талаптарды орындау қажет:

  1. IELTS/TOEFL жарамды сертификаттың ресми электрондық нұсқасы Тест әкімшісі арқылы тікелей Назарбаев Университетіне жіберу;
  2. Сертификаттың сканерленген көшірмесін жүктеу және оның деректерін Жеке кабинеттің «Upload IELTS/TOEFL results» бөліміне енгізу қажет. Конкурсқа қатысу үшін сертификаттың кез-келген санын  тапсыруға болады, бірақ іріктеуде Жеке кабинетке соңғы болып жүктелген сертификат қарастырылады.

Тест әкімшісі немесе Тест орталығы арқылы тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар туралы маңызды ақпаратқа назар аударыңыз:

  • IELTS үшін код: Nazarbayev University
  • TOEFL iBT үшін код: 6762
  • GRE үшін код: 6496
  • GMAT үшін код: H6m-R7-93

IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну бойынша толық нұсқаулық үміткерлердің жеке кабинетінде қолжетімді.

IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition и TOEFL PDT нәтижелері байқауда қарастырылмайды.

Ұсынылған барлық сертификаттар құжаттарды тапсыру кезінде жарамды болуы керек.

IELTS/TOEFL сертификаттарының Назарбаев Университетінің электрондық базасына енгізу Университет құзыретіне кірмейді. Сіз Тест орталығына өзіңіз хабарласып, кажетті сертификаттың жіберілгендігіне көз жеткізуіңіз қажет. Бұл әрекет кем дегенде 7-10 жұмыс күнін алатынын ескертеміз. Егер сертификат Студенттерді оқуға қабылдау департаменті белгілеген мерзімінен кеш келсе, нәтижелер конкурста қарастырылмайды.

Yміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен, ресми түрдегі расталған анықтаманы жүктеп, мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

  • ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;
  • үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса.

Келесі қадамдар

Сіздің ұсынушыларыңызға электрондық пошта мекенжайларына жіберілген электрондық нысанға сәйкес Назарбаев Университетіне ұсыным хаттарды ұсыну туралы электрондық пошта арқылы автоматты хабарлама жіберіледі.

Сіздің өтініміңіздің статусы туралы білу үшін жеке кабинетіңізден қараңыз және Назарбаев Университетінің хабарламаларын электрондық поштаңыздан тексеріңіз. Кейбір жағдайларда Университет хабарламалары спам жәшігінде болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыз.

Сұхбатқа шақырылған жағдайда Қабылдау комиссиясымен сұхбаттан өтіңіз. Сұхбат ағылшын тілінде өтеді.

Магистратура бағдарламасы “Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы” (ZYGP) бағдарламасында оқуға мүмкіндік береді. «Магистратура бағдарламаларының дайындық жылы» бағдарламасы – Назарбаев Университеті Мектептерінің магистратура және докторантура бағдарламаларына тікелей түсуге қойылатын тілдік талаптарға сәйкес келмейтін үміткерлерге арналған интенсивті ағылшын тілі мен басқа да пәндік курстарды қамтитын екі семестрлік күндізгі бағдарлама. Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы (бұдан ары – Бағдарлама). Бағдарламаның мақсаты - магистратура бағдарламалары потенциалды студенттерінің тілдік деңгейін көтеру және Университеттің магистратура және докторантура бағдарламаларында оқуға қажетті ғылыми, коммуникативтік және басқа да дағдыларды дамыту болып табылады. Бағдарламаны сәтті аяқтаған білім алушылар өздері өтінім тапсырған және сұхбаттасудан өткен Университеттің магистратура немесе докторантура бағдарламаларының студенттері атанады.

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

Онлайн тіркелу мерзімі:

Жоспарланған магистратура бағдарламасының тіркелу мерзімін тексеріңіз.

Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы Full-time MBA, Медицина докторы және резидентура бағдарламаларында қолданылмайды.

ӨТІНІМ БЕРУ

Қабылдау талаптары

Бағдарламаға өтінім беру үшін үміткер келесі талаптарға сай келуі тиіс:

1. Магистратура бағдарламасының минималды қабылдау талаптарына (ағылшын тіліне қойылатын талапты қоспағанда) сай болуы тиіс;
– Бағдарламаға онлайн өтінімдерді тапсыру кезінде күші бар IELTS тесті бойынша жалпы балл – 5.5 (тек бір бөлім бойынша 5.0 рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа) болуы қажет;
– Бағдарламаға онлайн өтінімдерді тапсыру кезінде күші бар IELTS тесті бойынша жалпы балл – 6.0 (тек бір бөлім бойынша 5.5 рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа) болуы қажет, “Саясаттану және халықаралық қатынастар саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” және “Еуразиялық зерттеулер саласындағы гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар магистрі” бағдарламалары үшін.

2. Сауалнама нысанында ZYGP белгісін қойыңыз. Қабылдау комиссиясы тіркеу кезінде ZYGP бағдарламасың көрсетпеген үміткерлерді де ұсына алатындығын ескеріңіз.

Конкурстық іріктеуге қатысу үшін қажетті құжаттардың тізімі

Жоспарланған магистратура бағдарламасының құжаттар тізімін тексеріңіз.

Байланыс ақпараты

Назарбаев Университетінің Инженерлік және цифрлық ғылымдар мектебі (NU SEDS) Қазақстанда және Орталық Азияда инженерлік ғылымдар саласындағы жетекші білім беру мекемесі болуға ұмтылады. Мектептің мақсаты – химиялық инженерия және материалдар технологиясы, механикалық және аэроғарыштық, құрылыс және қоршаған орта, электротехника және компьютерлік инженерия және инженерлік менеджмент саласындағы практикалық мамандарға күн санап артып отырған сұранысқа сай келетін түлектерді даярлау. Инженерия мектебі Назарбаев Университетінде студенттер саны бойынша ең үлкен мектеп болып табылады.

Магистратура бағдарламалары:

Биомедициналық инженерия

Компьютерлік ғылымдар

Робот техникасы

Деректер туралы ғылым

Құрылыс және экологиялық инженерия

Химиялық инженерия және материалдар технологиясы

Инженерлік менеджмент

Механикалық және аэроғарыштық инженерия

Электротехника және компьютерлік инженерия

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

ӨТІНІМ БЕРУ

Үміткерлерге арналған негізгі талаптар

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
    1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа);
    2. Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home Edition-нан басқа);
    3. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:
    – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;
    – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.
  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық.

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі

  • Толтырылған онлайн сауалнама;
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтаманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
  • Қазақстандық университеттерінде алынған дипломдар мен транскриптер нотариалды турде куәландырылған көшірмелері жеке кабинетіңізге тіркелуі тиіс.

Маңызды күндер

2023-2024 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

  • Шетел азаматтары үшін: 24 қараша 2022 ж. - 28 ақпан 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 24 қараша 2022 ж. - 28 сәуір 2023 ж.

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 13 мамыр 2023 ж.

Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасына үміткерлер үшін ALEKS тесттің тапсыру күндері:

  • Шетел азаматтары үшін: 11-12 наурыз 2023 ж. (онлайн)

  • ҚР азаматтары үшін: 13-14 мамыр 2023 ж. (офлайн)

Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:

  • Шетел азаматтары үшін: 2023 ж. сәуір - мамыр
  • ҚР азаматтары үшін: 2023 ж. маусым - тамыз

Бағдарлау аптасының басталу мерзімі:  2023 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2023 ж. тамыз

Байланыс ақпараты

Электрондық мекенжайлар: 

  • Оқуға түсу сұрақтары бойынша - info_admissions@nu.edu.kz
  • Өтінімге қатысты сұрақтар бойынша, Жеке кабинетіңізде берілген жеке нөміріңізді  (Applicant ID)  қоса жазып, төмендегі көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіңіз - admissions.seds@nu.edu.kz
  • Академиялық сұрақтар бойынша - seds@nu.edu.kz

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84, +7 747 094 02 30

Назарбаев Университеті Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі (NU SSH) бағдарламалары әлеуметтік, гуманитарлық және жаратылыстану ғылымдары салаларында жан-жақты білімі бар, әлеуметтік дамудың барлық мәселелерінде көш басында болатын мамандарды даярлауға бағытталған. Мектеп студенттерді олардың қандай кәсіпті таңдағанына қарамастан, өмірі мен мансабында кездесетін зияткерлік мәселелерді шешуге үйретеді.

Магистратура бағдарламалары:

Биология ғылымдары және технология

Физика

Еуразиялық зерттеулер

Химия

Қолданбалы математика

Экономика

Саясаттану және халықаралық қатынастар

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

ӨТІНІМ БЕРУ

Үміткерлерге арналған негізгі талаптар

Биология ғылымдары және технология, Қолданбалы математика, Физика, Химия, Экономика

Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және халықаралық қатынастар

Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады

CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;

Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (ZYGP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

  • Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (ZYGP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.0 (бір секция бойынша кемінде 5.5 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

                – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

                – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда.

Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);

Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі

Биология ғылымдары және технология, Қолданбалы математика, Физика, Химия, Саясаттану және халықаралық қатынастар

Еуразиялық зерттеулер, Экономика

Толтырылған онлайн сауалнама

Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін)

Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда)

Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы; Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады

IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762

Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет

Түйіндеме (бір беттен аспайтын)

Түйіндеме

Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес); Экономика, Еуразиялық зерттеулер, Саясаттану және халықаралық қатынастар бағдарламалар үшін GRE – талап етілмейді

Негіздеме хат/эссе (бір беттен аспайтын)

Сауалнамада берiлген эссе сұрақтарына жауап ретiнде жазылған эссе (MAPSIR бағдарламасына ғана)

Негіздеме хат/эссе (500 сөз)

Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Соңғы 12 ай ішінде жазылған үш құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Маңызды күндер

2023-2024 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

  • Шетел азаматтары үшін: 30 қараша 2022 ж. - 28 ақпан 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 30 қараша 2022 ж. - 18 сәуір 2023 ж. (Биологиялық ғылымдар және технологиялар саласындағы ғылым магистратура бағдарламасынан басқа)

  • ҚР азаматтары үшін Биологиялық ғылымдар және технологиялар саласындағы ғылым магистратура бағдарламасына: 30 қараша 2022 ж. - 2 мамыр 2023 ж.

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін : 3 мамыр 2023 ж.

Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:

  • Шетел азаматтары үшін: 2023 ж. сәуір - мамыр
  • ҚР азаматтары үшін: 2023 ж. маусым - тамыз

Бағдарлау аптасының басталу күні: 2023 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2023 ж. тамыз

Байланыс ақпараты

Электрондық мекенжайлар: 

  • Оқуға түсу сұрақтары бойынша - info_admissions@nu.edu.kz
  • Өтінімге қатысты сұрақтар бойынша, Жеке кабинетіңізде берілген жеке нөміріңізді  (Applicant ID)  қоса жазып, төмендегі көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіңіз - admissions.ssh@nu.edu.kz
  • Академиялық сұрақтар бойынша - ssh@nu.edu.kz

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84, +7 747 094 02 30

Назарбаев Университетінің Медицина мектебі (NUSOM) бұл Қазақстан Республикасы үшін денсаулық сақтау, білім беру және биомедициналық зерттеулер саласындағы медицина көшбасшыларын даярлайтын, сабақтар ағылшын тілінде жүргізілетін, американдық оқыту жүйесінің негізінде құрылған ең алғашқы оқу орны болып табылады. NUSOM медициналық білім беру саласында әлемдік деңгейге жетуді және білім беру мен биомедициналық зерттеулер саласында жаңашылдыққа, ғылым мен білімге қолдау көрсетілетін тұрақты және ынталы академиялық ортаны құру арқылы жоғары деңгейге жетуді мақсат тұтады. NUSOM магистратура бағдарламаларын, Медицина докторы және резидентура бағдарламаларын ұсынады.

Магистратура, медицина докторы және резидентура бағдарламалары:

Қоғамдық денсаулық сақтау

Молекулалық медицина

Фармакология және токсикология

Спорттық медицина және оңалту

Медицина докторы

Резидентура 

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

ӨТІНІМ БЕРУ

Магистратура бағдарламалары

Қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура, Молекулалық медицина саласындағы магистратура, Фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура

Талаптар:

Молекулалық медицина саласындағы магистратура, қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы магистратура мен фармакология және токсикология саласындағы магистратура, Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына оқуға түсетін үміткерлерде:

  • Тиісті саладағы бакалавр (немесе баламасы) және/немесе магистр дәрежесінің (немесе баламасы) болуы тиіс. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен дипломды ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;
  • Үміткерлер өздері оқыған университеттен олардың мекемеде оқуын бітіргені және түпкілікті транскриптті және/немесе дипломды ресми табыс ету белгіленген күнге жоспарланғаны туралы растауын алғанда ғана шартты түрде оқуға қабылдануы мүмкін. Мұндай жағдайда оқуға қабылдау туралы шешімде үміткер қажетті құжаттарды Университетке ұсынатын уақыт кезеңі көрсетілуі тиіс;
  • ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе үміткердің дәрежесінің баламасы болуы;
  • ағылшын тілін білудің қажетті деңгейі;
  • жазудың көрнекті дағдылары, GRE немесе GMAT тестісіне сәйкес талдамалық және математикалық дағдылар (опциялық). GRE/GMAT ресми балы міндетті талап емес екендігіне қарамастан, үміткер GRE/GMAT жоғары балының көмегімен өз өтінімінің деңгейін жоғарылата алады;
  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсетуі;
  • екі құпия ұсыным хат;
  • тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда). Бұл міндетті емес талап болса да, үміткер өзінің өтінім нысанын осындай растау құжаттарымен күшейте алады.

Ағылшын тілі бойынша ең төменгі талаптар

  • Бағдарламаға қабылдау үшін ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларына қойылатын ең төменгі талаптар мынадай:
  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6,5 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • Назарбаев Университетінің бағдарламасына дайындық жылына оқуға түсу үшін ағылшын тілін білудің IELTS тестісі бойынша нәтижелерге қойылатын ең төменгі талап 5,5 балды құрайды, бір бөлім бойынша 5.0 нәтижесімен немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);
  • Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:
    - ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алғанда;
    - ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша білім алу қорытындысы бойынша бакалавр немесе магистр дәрежесін алғанда;
    - егер үміткер Университеттің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Құжаттар тізімі бойынша тексеру парағы

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;
  • Жеке куәлік немесе паспорт;
  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт;
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL сертификаты (Home edition-нан басқа) (егер қолданылса);
  • Оқыту тілі ретіндегі ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат. (ағылшын тілінде оқытылатын бағдарлама бойынша білім беру негізінде академиялы дәреже берілген үміткерлер үшін ғана және IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификатын ұсынудан босату сұратылады);
  • Құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар GRE/GMAT нәтижелері (опциямен);
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (ұсыным хат беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
  • Негіздеме хат (500 сөз немесе одан аз);
  • Медициналық анықтама 075у (Қазақстан азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;
  • Үміткердің/Студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі;
  • Тек фармакология және токсикология саласындағы магистратура және Спорттық медицина және оңалту саласындағы магистратура бағдарламаларына ғана: жұмыс тәжірибесін растау, оның ішінде түйіндемеде, ұсыным хаттарда, сондай-ақ басқа да құжаттарда биологиялық және/немесе медициналық зерттеулерді жүзеге асыру бойынша волонтерлық жұмыс (бар болғанда).
  • Қажет болған жағдайда Қабылдау комиссиясы немесе Қабылдау департаменті қосымша құжаттарды сұрай алады.

«Медицина докторы» бағдарламасы

Талаптар

  • Бакалавр және/немесе магистр дәрежесі (немесе олардың баламасы).
  • 4.00 балдық шкала бойынша орташа балл 3.00 (немесе 5.00 балдық шкала бойынша оның баламасы).
  • Зертханасымен бірге «биология» пәні бойынша оқытудың бір жылын және зертханасымен бірге жалпы химия немесе баламасы бойынша оқытудың бір жылын қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей, кемінде екі ғылыми пәннен өту.
  • Ағылшын тілін міндетті білу деңгейі IELTS бойынша 7.0 балға тең, әрбір секцияда 6.0 кем емес немесе компьютерлік нұсқа үшін (СВТ) 250 балл, қағаз бетіндегі нұсқа үшін (PBT) 600 балл немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) тестілеуінің интернет-нұсқасы үшін (IBT) 100 балл. Қабылдау комиссиясының шешімімен өтініш білдіруші ағылшын тілі бойынша тестілеудің қорытындыларын ұсынудан келесі жағдайларда босатылуы мүмкін.
  • Сұхбатқа шақырылу үшін МСАТ тестілеу нәтижесінің жалпы балы кемінде 489 болуы тиіс.

Қажетті құжаттар

  • Өтініштің толтырылған нысанын порталда тіркеуден кейін жүктеп алуға болады.
  • Соңғы 12 айдың ішінде жазылған екіден бастап (минимум) төртке дейінгі (максимум) ұсыным хаттар. Оның ішінде екі хат ғылыми кафедралардың ОПҚ-дан болуы тиіс.
  • Диплом берілген дәрежесімен және транскрипт. Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады.
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты.
  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар МСАТ нәтижесі. Нәтиже жарамды болып есептелуі үшін МСАТ-тың ұсынылған нәтижелері өтініш берілгенге дейін кемінде үш жыл бұрын өткен тестілеуге сәйкес болуы тиіс.
  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама Медициналық анықтама (075у нысаны).
  • Медициналық анықтама 075у (ҚР азаматтары үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын білдіретін ұқсас медициналық анықтама немесе Университет сұраған басқа құжаттар (шетел азаматтары үшін);
  • Өтініш берушінің сканерден өткізілген жеке куәлігінің немесе паспортының нотариалды куәландырылған көшірмесі (ағылшын тіліне нотариалды куәландырылған аудармасымен).
  • Негіздеме хат (500 сөзге дейін).
  • Үміткер Мектепке қандай үлес қосатындығы жайлы эссе (500 сөзге дейiн).

Резидентура бағдарламалары

Оқуға түсудің екі түрі бар: Шартсыз түрде оқуға алу және шартты түрде оқуға алу

Шартсыз түрде оқуға алу

Шартсыз түрде оқуға алу бойынша бағдарламаға тапсыратын құжаттар үміткерлерде мыналар болуы тиіс:

  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа);

  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;

  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;

  • 2 (екі) құпия ұсыным хат.

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;

  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;

  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;

  • Жеке куәлік немесе паспорт;

  • Аты-жөнін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);

  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;

  • Бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру кезінде күші бар IELTS немесе TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты (егер қолданылса);

  • Медицина негіздері халықаралық емтиханы (іргелі ғылымдар) (IFOM Basic Science) немесе USMLE step 1 емтиханы бойынша нәтижелері бар есеп;

  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);

  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);

  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін, ұқсас медициналық анықтама (шетелдік үміткерлер үшін);

  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;

  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Шартты түрде оқуға алу

NUSOM Қабылдау комиссиясы резидентура бағдарламалары бойынша UMC Қабылдау комиссиясы оқуға алуға ұсынған үміткерлерді қарастырады, алайда мұндай үміткерлерді оқуға алу туралы түпкілікті шешімді NUSOM Қабылдау комиссиясы қабылдайды.

Шартты түрде қабылдау бойынша Бағдарламаға құжаттарын ұсынатын үміткерлерде келесі құжаттар болу керек:

  • Медицина мектептерінің бүкіләлемдік анықтамалығына сәйкес танылған университетте алынған МД дәрежесі немесе балама жоғары медициналық дәреже (елде тәуелсіз емдеуші дәрігер ретінде практикамен айналысу үшін тіркелу немесе сертификат алу құқығын беретін медициналық біліктіліктің ең жоғары деңгейі). Өтінімдерді беру кезеңі ішінде соңғы оқу жылының студенттері ағымдағы ресми транскрипттерді ұсына алады. Оқуға қабылдауға ұсынылған үміткерлер Бағдарламаға қабылдау мерзімі аяқталғанға дейін түпкілікті транскрипт пен диплом ұсынулары тиіс. Университеттің түлектері кейіннен бір айдың ішінде дипломды ұсына отырып, дәреже берілгенін растайтын транскрипттің негізінде бағдарламаға қабылданады;

  • негіздеме хатта Бағдарламаға қызығушылық пен уәждеменің жоғары деңгейін көрсету;

  • 2 (екі) құпия ұсыным хат;

  • UMC-ден ұсыным хат.

Бірінші оқу жылына Шартты түрде алынған үміткерлерге келесі шарттар қолданылады:

  • медицина негіздері бойынша (іргелі ғылымдар) (BSE) немесе USMLE step 1 халықаралық емтихан нәтижелерімен есеп;

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 7.0 немесе жоғары (әрбір бөлім бойынша кемінде 6.0) немесе ETS сайтында жарияланған шкалаға сәйкес TOEFL-дің балама нәтижесі (Home edition-нан басқа).

Білімінің және практикалық тәжірибенің сәйкестігін, сондай-ақ баламалықты және бұрын алынған дәрежелердің сәйкестігін Қабылдау комиссиясы Медицина мектептерінің бүкіл дүниежүзілік анықтамалығына сәйкес айқындайды.

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде:

  • ағылшын тілі ресми қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;

  • ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша Медицина докторы дәрежесін немесе балама жоғары медициналық дәреже алғанда;

  • егер үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Резидентура бағдарламасына арналған құжаттар пакеті

  • Өтінімнің толтырылған нысаны;

  • Жеке куәлік немесе паспорт;

  • UMC-ден ұсыным хат;

  • Атын/тегін өзгерткенін растайтын ресми құжат (егер қолданылса);

  • Медицина докторының дипломы немесе жоғары медициналық дәрежеге балама транскрипт;

  • Оқу немесе клиникалық мекемелер соңғы 12 айдың ішінде берген 2 құпия ұсыным хат, резидентураның нақты бағдарламасымен байланысты мекеме артықшылыққа ие (ұсыным беретін тұлғалар электронды немесе қағаз нысанында ұсынады);

  • Негіздеме хат (500 сөзден аз емес);

  • Медициналық анықтама 075у (резиденттер үшін) немесе жалпы денсаулық жағдайын көрсететін ұқсас медициналық анықтама (халықаралық үміткерлер үшін);

  • Сотталғаны немесе сотталмағаны туралы анықтама;

  • Үміткердің/студенттің жеке деректерін өңдеуге келісімі.

Маңызды күндер

2023-2024 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

  • Шетел азаматтары үшін: 30 қараша 2022 ж. - 28 ақпан 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 30 қараша 2022 ж. - 18 сәуір 2023 ж.

Магистратура бағдарламаларына IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 3 мамыр 2023 ж.

Магистратура бағдарламаларына оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:

  • Шетел азаматтары үшін: 2023 ж. сәуір - мамыр
  • ҚР азаматтары үшін: 2023 ж. маусым - тамыз

Резидентура бағдарламасына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі: 2023 ж. 13 ақпан - 4 маусым

Резидентура бағдарламасына оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу: 2023 ж. маусымның соңы - тамыздың басы 

Бағдарлау аптасының басталу күні: 2023 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2023 ж. тамыз

Байланыс ақпараты

Электрондық мекенжайлар: 

  • Оқуға түсу сұрақтары бойынша - info_admissions@nu.edu.kz
  • Өтінімге қатысты сұрақтар бойынша, Жеке кабинетіңізде берілген жеке нөміріңізді  (Applicant ID)  қоса жазып, төмендегі көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіңіз - admissions.nusom@nu.edu.kz
  • Академиялық сұрақтар бойынша - nusom@nu.edu.kz

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84, +7 747 094 02 30

Назарбаев Университетінің Тау-кен жəне Жер туралы ғылымдар мектебі (NU SMG) жоғары білікті мамандар мен студенттерді заманауи біліммен жəне Жер туралы ғылымға байланысты пəндерді оқыту арқылы табиғи ресурстар саласында дарынды және əлемдік деңгейдегі оқу орны болуға мақсат тұтты. Мектеп 2 магистратура бағдарламаларын ұсынады. Бағдарламалар өндіру жұмыстарын жоспарлайтын, жүргізетін және басқаратын инженер мамандарды даярлауға, сондай-ақ қауіпсіз және тұрақты өндірісті қамтамасыз ету мақсатында мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне қолдау көрсету үшін зерттеу дағдыларына және білімді дамытуға бағытталған.

Магистратура бағдарламалары

Тау-кен ісі

Мұнай-газ

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

ӨТІНІМ БЕРУ

Үміткерлерге арналған негізгі талаптар

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • Ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.75 немесе кемінде 2 (екі) жыл тиісті жұмыс тәжірибесі бар мамандар үшін ең төменгі CGPA 4.00-ден кемінде 2.5;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:
    1. IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);
    2. Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);
    3. Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

    – ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

    – ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

    – үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі

  • Толтырылған онлайн сауалнама;
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы;Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.
  • Түйіндеме (екі беттен аспайтын);
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Негіздеме хат (бір беттен аспайтын);
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Кемінде бір ұсыным-хат академиялық тұрғыдан болуы шарт. Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Маңызды күндер

2023-2024 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

  • Шетел азаматтары үшін: 21 қараша 2022 ж. - 28 ақпан 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 21 қараша 2022 ж. - 18 сәуір 2023 ж.

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 3 мамыр 2023 ж.

Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:

  • Шетел азаматтары үшін: 2023 ж. сәуір - мамыр
  • ҚР азаматтары үшін: 2023 ж. маусым - тамыз

Chevron жобасына қатысуға ҚР азаматтары үшін онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері: 2022 ж. 21 қараша - 2023 ж. 9 сәуір.

ҚР азаматтары үшін IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі (Chevron жобасы): 12 сәуір 2023 ж.

ҚР азаматтарына оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу (Chevron жобасы): 2023 ж. сәуірдің соңы - мамырдың басы

Бағдарлау аптасының басталу күні: 2023 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2023 ж. тамыз

Байланыс ақпараты

Электрондық мекенжайлар: 

  • Оқуға түсу сұрақтары бойынша - info_admissions@nu.edu.kz
  • Өтінімге қатысты сұрақтар бойынша, Жеке кабинетіңізде берілген жеке нөміріңізді  (Applicant ID)  қоса жазып, төмендегі көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіңіз - admissions.smg@nu.edu.kz
  • Академиялық сұрақтар бойынша - smg@nu.edu.kz

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84, +7 747 094 02 30

Назарбаев Университетінің Жоғары бизнес мектебі (NU GSB) – іскери көшбасшылар үшін құрылған перспективалық академиялық мекеме. NU GSB әлемнің ең қарқынды дамып келе жатқан аймақтарының бірінде бизнесті басқару саласындағы білім берудің жаңа тәсілдерін ұсынады. Біздің бағдарламалар бизнес-басқару саласында жоғары сапалы білім алуға, өзінің іскери байланысын кеңейтуге және алған білім мен дағдыларын өз қызметінде барынша қолдануға мүмкіндік береді.

Магистратура бағдарламалары:

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

ӨТІНІМ БЕРУ

Үміткерлерге арналған негізгі талаптар

Қаржы

Іскери әкімшілендіру

Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру

Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады

Бакалавр және/немесе магистр (немесе оған балама) дәрежесі бар білімі туралы дипломының болуы тиіс.

Үміткердің (бакалавр, магистр немесе PhD) бір білім дәрежесі бойынша ең төменгі GPA балы “Іскери әкімшілендіру магистрі” бағдарламаға 4.00-ден 2.75-тен төмен емес, “Қаржы ғылымдары магистрі” бағдарламаға 4.00-ден 2.67-тен төмен емес.

Болған жағдайда

Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

  • IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

  • ағылшын тілін білу деңгейін растайтын бағдарлама басталғанға дейін жарамды ресми сертификат: – IELTS: 6.5, – TOEFL PBT: 575, – TOEFL IBT: 90 (Home edition-нан басқа)

  • IELTS немесе TOEFL бойынша төмен балл жинаған кейбір үміткерлер ЕМВА бағдарламасына құнды үлес қосуы мүмкін. Осыған орай белгіленген деңгейден төмен балл жинаған үміткерлердің ағылшын тілі деңгейін Қабылдау комиссиясы өз бетінше бағалауы және тануы мүмкін. Осындай үміткерлерге қолдау көрсету үшін сабақтардың ілеспе аудармасы мен оқу материалдарының орыс тіліне аудармасы ұсынылуы мүмкін;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі
бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

Болған жағдайда

Болған жағдайда

Жалпы жұмыс өтілі 5 жылдан кем емес болуы тиіс. Үміткерлер ұлттық компанияларда, жеке секторда, мемлекеттік мекемелерде, үкіметтік емес және халықаралық ұйымдарда басшы лауазымында болулары тиіс. Қабылдау комиссиясының шешімі бойынша 5 жылдан кем жұмыс тәжірибесі бар үздік үміткерлер конкурсқа жіберілуі мүмкін.

ALEKS/GRE/GMAT тестімен көрсетілген күшті оқу дағдылары, аналитикалық және математикалық дағдылар; *NU-STEM бағдарламалары бойынша CGPA 3,0 немесе 4,0 CGPA-дан көп (яғни, инженерлік, тау-кен, математика, физика, химия бағдарламалары) немесе экономика бағдарламасы бойынша немесе топ-200 рейтингтік университеттерден үміткерлер ALEKS/GRE/GMAT тесттерін тапсырмай-ақ өтініш бере алады.

Талдау және математикалық қабілеттіліктерін ALEKS/GRE/GMAT тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша)

Болған жағдайда

Жеке эсседе көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық болуы қажет.

Конкурсқа қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыру қажет

Қаржы

Іскери әкімшілендіру

Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру

Толтырылған сауалнама (сауалнаманы www.admissions.nu.edu.kz табуға болады);

Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);

Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);

Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін).Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет.

Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.

IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты (Home edition-нан басқа). IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;

Ағылшын тілінде бір эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;

Ағылшын тілінде екі эссе. Эссе сұрақтары онлайн сауалнамада беріледі;

Корпоративтік қолдау хаты, оқу ақысын толығымен өз бетімен төлейтін үміткерлер үшін міндеттеме хаты немесе грант тағайындауға арналған толтырылған нысан;

оқу құнын толығымен төлеу және үміткерге Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламасына бағдарламасы бойынша сабақтарға қатысуда қолдау көрсету міндеттемелерімен жұмыс берушіден ағылшын тіліндегі (немесе ағылшын тіліне аударылған) корпоративтік қолдау хаты;

Ағылшын тіліндегі түйіндеме – бір бетте;

Ресми GMAT немесе GRE сертификаттары;

НУЖБМ негізінде өткізілетін ALEKS тестінің нәтижесі (немесе GMAT, GRE сертификаттары);

Valid GMAT or GRE Test Report. Although an official GMAT or GRE score is not an essential requirement, an applicant with limited quantitative experience can strengthen her/his application with a competitive GMAT or GRE score;

Үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (ағылшын тіліне аудармасымен).

Үміткердің еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі (нотариалдық куәландырылған ағылшын тіліне аудармасымен)

Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз.

Маңызды күндер

Іскерлік әкімшілік магистрі (Күндізгі MBA) бағдарламасына, Қаржы саласындағы магистр бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

  • Ерте тіркелу: барлық үміткерлер үшін: 30 қараша, 2022 ж. - 28 ақпан, 2023 ж. Тіркелу жарнасы – 5000 теңге;

  • Стандартты тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін: 01 наурыз, 2023 ж. - 31 наурыз, 2023 ж. Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге; 

  • Кеш тіркелу: Қазақстан Республикасының азаматтары ғана үшін: 01 сәуір, 2023 ж. - 31 мамыр, 2023 ж. IELTS/TOEFL нәтижелерін ұсынудың соңғы мерзімі 2023 жылғы 15 маусымға дейін. Тіркелу жарнасы – 40 000 теңге.

Іскерлік әкімшілік магистрі (Күндізгі MBA) бағдарламасына, Қаржы саласындағы магистр бағдарламасына оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:

  • Ерте тіркелу: сәуір 2023 ж.
  • Стандартты тіркеу: мамыр 2023 ж.
  • Кеш тіркелу: маусым - шілде 2023 ж.

Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру бағдарламасына конкурсқа қатысуға онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімі:

  • Ерте тіркелу: 2023 жылғы 4 мамырдан 31 шілдеге дейін. Тіркелу жарнасы – 5000 теңге;
  • Стандартты тіркелу: 2023 жылғы 31 қазанға дейін. Тіркелу жарнасы – 30 000 теңге; 
  • Кеш тіркелу: 2023 жылдың 1 қарашасынан 18 желтоқсанына дейін. Тіркелу жарнасы – 40 000 теңге.

Бағдарлау аптасының басталу күні: 2023 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2023 ж. тамыз

Байланыс ақпарат

Жанна Алимбаева

Қабылдау бойынша аға менеджер

e-mail: zhalimbayeva@nu.edu.kz

тел. +7 (7172) 70 93 32

Жасмин Ерсайын

Қабылдау бойынша маманы

e-mail: zhasmin.yersaiyn@nu.edu.kz

тел. +7 (7172) 70 90 28

Электрондық мекенжайлар: 

  • Оқуға түсу сұрақтары бойынша - info_admissions@nu.edu.kz
  • Өтінімге қатысты сұрақтар бойынша, Жеке кабинетіңізде берілген жеке нөміріңізді  (Applicant ID)  қоса жазып, төмендегі көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіңіз - admissions.gsb@nu.edu.kz
  • Академиялық сұрақтар бойынша:

    Жетекшілерге арналған МВА бағдарламасы - emba.admissions@nu.edu.kz

    Күндізгі МВА бағдарламасы - mba.admissions@nu.edu.kz

    Қаржы саласында магистр дәрежесі - msf.admissions@nu.edu.kz

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84, +7 747 094 02 30

НУ Жоғары мемлекеттік саясат мектебінің (NU GSPP) міндеті адам өмірінің сапасын жақсарту мақсатында мамандар мен көшбасшыларды негізгі мемлекеттік саясат пен тиімді басқаруды түсінуге оқып-үйрету болып табылады. NU GSPP студенттерінің арасында –мемлекеттік сектордың, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың мамандары, сондай-ақ жеке бизнес-құрылымдардың басшылары бар. NU GSPP 3 білім беру бағдарламасын ұсынады: Мемлекеттік саясат магистрі, Мемлекеттік басқару саласының магистрі, Мемлекеттік саясат ғылымдарының докторы, сондай-ақ саясат және көшбасшылық саласында негізгі міндеттерді шешуге бағытталған қысқа мерзімді кәсіби білім беру бағдарламалары.

Магистратура бағдарламалары:

Мемлекеттік саясат

Мемлекеттік басқару

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

ӨТІНІМ БЕРУ

Қабылдау талаптары

Мемлекеттік саясат

Мемлекеттік басқару

Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже). Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады;

CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;

2 жылдық жұмыс өтілі. 2 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.

3 жылдық жұмыс өтілі. 3 жылдан кем жұмыс өтілі бар мамандар Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.

Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі

Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

– IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

– Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL балама балы (Home edition-нан басқа);

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр/магистр дәрежесін алған жағдайда;

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (қалауыңыз бойынша);

Жазбаша эсселерде көрсетілген жоғары академиялық жазу дағдылары.

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі

  • Толтырылған онлайн сауалнама;
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL (Home edition-нан басқа) сертификаты. IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет;
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Сауалнамада берілген эссе сұрақтарына жауап ретінде жазылған үш эссе;
  • Екі құпия ұсыным-хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
  • Түйіндеме;
  • Жұмыс өтілін куәландыратын құжат;

Маңызды күндер

2023-2024 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

  • Шетел азаматтары үшін: 21 қараша 2022 ж. - 28 ақпан 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 21 қараша 2022 ж. - 2 мамыр 2023 ж.

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 16 мамыр 2023 ж.

Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:

  • Шетел азаматтары үшін: 2023 ж. сәуір - мамыр
  • ҚР азаматтары үшін: 2023 ж. маусым - тамыз

Бағдарлау аптасының басталу күні: 2023 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2023 ж. тамыз

Байланыс ақпарат

Электрондық мекенжайлар: 

  • Оқуға түсу сұрақтары бойынша - info_admissions@nu.edu.kz
  • Өтінімге қатысты сұрақтар бойынша, Жеке кабинетіңізде берілген жеке нөміріңізді  (Applicant ID)  қоса жазып, төмендегі көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіңіз - gspp_admissions@nu.edu.kz
  • Академиялық сұрақтар бойынша - nugspp@nu.edu.kz

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84, +7 747 094 02 30

НУ Жоғары бiлiм беру мектебi (NU GSE) алғашқы студенттерін 2013 жылдың қыркүйек айында қабылдауды бастады. NU GSE-дің басты мақсаты - білім беру саласындағы басқарушыларды даярлау және жоғары сапалы ғылыми зерттеулерді жүргізу арқылы Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуына белсенді атсалысу. Қазіргі таңда Мектеп магистрлік, докторлық, сондай-ақ кәсіби біліктілікті арттыру бағдарламаларын ұсынуда.

Магистратура бағдарламалары

Тіркелу үшін Сізге міндетті түрде admissions.nu.edu.kz сайты арқылы жеке кабинет құру керек, сауалнама нысанын толтырып, қажетті құжаттарды жүктеуіңіз қажет.

ӨТІНІМ БЕРУ

Қабылдау талаптары

  • Негізгі жоғары білімі (бакалавр немесе оған балама дәреже); Онлайн тіркелу кезеңінде соңғы курс студенттері Қабылдау комиссиясының қарастырылуына ағымдағы транскриптті ұсына алады.
  • CGPA (қорытынды орташа білім көрсеткіші) кем дегенде 4.0-ден 2.75;
  • Ағылшын тілін меңгерудің еркін деңгейі. Бағдарламаға түсу үшін ағылшын тілінің тестілеу нәтижелері бойынша ең төменгі талаптары:

IELTS тесті бойынша жалпы балл 6.5 (әр секция бойынша кемінде 6.0 балл) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition-нан басқа) балама балы;

Магистратура бағдарламаларының дайындық жылына (NUZYP) шартты түрде түсу үшін IELTS тесті бойынша жалпы балл 5.5 (әр секция бойынша кемінде 5.5 балл, тек бір секция бойынша 5.0 балл рұқсат етіледі) немесе ETS сайтында көрсетілген TOEFL (Home Edition-нан басқа) балама балы;

Бағдарламаға түсетін үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен мынадай жағдайлардың бірінде ағылшын тілі бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін:

– ағылшын тілі ресми түрде қарым-қатынас, оқыту және күнделікті тұрмыстық тіл болып табылатын елде академиялық дәрежені алған жағдайда;

– ағылшын тілінде оқытылатын бағдарламалар бойынша оқыту қорытындысы бойынша бакалавр / магистр дәрежесін алған жағдайда;

– үміткер Назарбаев Университетінің түлегі болып табылса, ағылшын тілі
бойынша тестілеу нәтижелерін ұсынудан босатылуы мүмкін.

  • 1 жыл жұмыс өтілі. 1 жылдан кем жұмыс өтілі бар үміткерлер Қабылдау комиссиясының шешімімен конкурстық іріктеуге қатысуы мүмкін.
  • Талдау және математикалық қабілеттіліктерін GRE тестінің нәтижелері арқылы көрсетуі (міндетті емес);
  • Негіздеме хатында көрсетілген жоғары мотивация және бағдарламаға байланысты қызығушылық;

Конкурстық іріктеуге катысу үшін кажетті құжаттардың тізімі

  • Толтырылған онлайн сауалнама;
  • Жеке куәлік (ҚР азаматтары үшін) немесе паспорт (шетел азаматтары үшін);
  • Аты-жөнін өзгерту туралы құжат (керек болған жағдайда);
  • Бакалавр (немесе баламасы) дипломы және оның қосымшасы. Онлайн тіркелу кезеңі ішінде оқуды бітіруші студенттер (соңғы курс студенттері) жеке кабинетке ағымдағы ресми транскриптті жүктей алады.
  • IELTS/TOEFL ТЕКСЕРУ ҚЫЗМЕТТЕРІ (IELTS/TOEFL VERIFICATION SERVICES) арқылы жіберілген (бағдарламаға құжаттарды онлайн тапсыру сәтінде күші бар), ресми электронды IELTS/TOEFL сертификаты (Home edition-нан басқа). IELTS үшін код: Nazarbayev University. TOEFL үшін код: 6762;
  • Ағылшын тілінде білім алғанын растайтын құжат (IELTS немесе TOEFL нәтижелерін тапсырудан босатылуды қалайтын үміткерлер үшін). Жоғарыда аталған үміткерлер жоғары оқу орнынан ағылшын тілінде оқытылған пәндердің саны және тізімі көрсетілген анықтыманы тапсыруы қажет;
  • Құжаттарды тапсыру сәтінде жарамды GRE сертификаты (бар болған жағдайда);
  • Сауалнамада берілген эссе сұрақтарына жауап ретінде жазылған екі эссе;
  • Соңғы 12 ай ішінде жазылған екі құпия ұсыным хат (электрондық немесе қағаз түрінде рецензент ұсынуға тиіс). Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз;
  • Түйіндеме;
  • Жұмыс өтілін куәландыратын құжат.

Маңызды күндер

2023-2024 академиялық жылғы конкурсқа қатысатын үміткерлер үшін маңызды күндер

Магистратура бағдарламаларына онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімдері:

  • Шетел азаматтары үшін: 24 қараша 2022 ж. - 28 ақпан 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 24 қараша 2022 ж. - 18 сәуір 2023 ж.

IELTS/TOEFL, GRE/GMAT сертификаттарын тапсырудың соңғы мерзімі:

  • Шетел азаматтары үшін: 15 наурыз 2023 ж.

  • ҚР азаматтары үшін: 3 мамыр 2023 ж.

Оқуға қабылдау туралы хабарлама-хаттарды жіберу:

  • Шетел азаматтары үшін: 2023 ж. сәуір - мамыр
  • ҚР азаматтары үшін: 2023 ж. маусым - тамыз

Бағдарлау аптасының басталу күні: 2023 ж. тамыз

Оқудың басталуы: 2023 ж. тамыз

Байланыс ақпараты

Электрондық мекенжайлар: 

  • Оқуға түсу сұрақтары бойынша - info_admissions@nu.edu.kz
  • Өтінімге қатысты сұрақтар бойынша, Жеке кабинетіңізде берілген жеке нөміріңізді  (Applicant ID)  қоса жазып, төмендегі көрсетілген электрондық поштаға хат жіберіңіз - admissions.gse@nu.edu.kz
  • Академиялық сұрақтар бойынша - gse@nu.edu.kz

Телефон нөмірлері: +7 (7172) 64 25 84, +7 747 094 02 30

Транскриптті растау

Үміткерлер жоғары білім туралы дипломның қорытынды транскриптін (дипломға қосымша) келесі нұсқалардың бірін қолданып растау керек: 

1. Алдыңғы оқу орны Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне транскрипттің ресми қағаз көшірмесін тікелей пошта арқылы жібереді.

2. Алдыңғы оқу орны транскрипттің ресми электрондық көшірмесін корпоративтік электрондық поштасынан Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің электрондық поштасына* тікелей жібереді;

3. Ресми қорытынды транскрипт Студенттерді оқуға қабылдау департаментіне құжаттарды верификациялаудың ресми цифрлық сервистері арқылы (мысалы: WES, Parchment, Scholaro, etc.)  электрондық поштаға* тікелей жіберіледі.

4. Назарбаев Университетінің түлектеріне транскрипттерді растаудың қажеті жоқ.

5. Медицина докторы, Резидентура және Басшыларға арналған іскери әкімшілендіру магистрі бағдарламаларының үміткерлеріне транскриптті растау туралы ақпарат электрондық пошта арқылы жіберіледі.

*Электрондық пошта өтінім нысанының жоғарғы оң жақ бұрышында көрсетілген.

Пайдалы ресурстар

Назарбаев Университетіне түсушілерге пайдалы болатын қосымша ақпаратты назарларыңызға ұсынамыз:

Негізгі тармақтар

Толық ақпарат

1

Пайдалы сілтемелер

Назарбаев Университетіне оқуға түсуге дайындалуға көмектесу үшін осы сайтта курстар, вебинарлар, сұхбаттар, кітаптар мен дәрістерге көптеген пайдалы сілтемелер жинақталған

2

Магистратура және докторантура бағдарламаларына түсушілерге арналған нұсқаулық (ағылшын тілінде)

Нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз

3

Онлайн өтінім беру бойынша нұсқаулық

Онлайн өтінім беру жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз

4

Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулық

Ұсыным хаттарын ұсыну жөніндегі нұсқаулықпен мына сілтеме арқылы таныса аласыз

5

Жиі қойылатын сұрақтар

Жиі қойылатын сұрақтарға жауаптарды мына сілтеме арқылы таба аласыз

6

Оқыту қызметтерін көрсету талаптары

Назарбаев Университетінде Оқыту қызметтерін көрсету талаптарымен танысу үшін мына сілтемені басыңыз

7

Тест нәтижелерін тапсыру үшін кодтар

Ресми электронды тест нәтижелері Тест әкімшісінен Назарбаев Университеттің атына кодтар (Institutional Code) арқылы жіберіледі:
* IELTS (IELTS Online тестінен басқа) тапсыру үшін код: Nazarbayev University
* TOEFL iBT (TOEFL Home Edition тестінен басқа) тапсыру үшін код: 6762
* GRE тапсыру үшін код: 6496
* GMAT тапсыру үшін код: H6m-R7-93

Стандартталған тесттер туралы ақпарат

Төменде стандартталған тесттерге дайындалу үшін қажетті ақпарат (тест атауы, тестке дайындық, тесттер кестесі, тесттерге тіркелу және нәтижелеріне сілтемелер) жиынтығы көрсетілген:

Тест Бағдарламалар Дайындық Кесте Тіркелу Нәтижелер
1 IELTS

Сертификат тапсырудан босатылғандардан басқа барлық үміткерлер үшін

Толығырақ Толығырақ Толығырақ Толығырақ

2

TOEFL

Сертификат тапсырудан босатылғандардан басқа барлық үміткерлер үшін

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

3

ALEKS

Инженерлік менеджмент магистрі

Қаржы жөніндегі ғылым магистрі

Іскерлік әкімшілендіру магистрі

Толығырақ

Инженерлік менеджмент магистрі бағдарламасы бойынша маңызды күндерді қараңыз

Қаржы жөніндегі ғылым магистрі және Іскерлік әкімшілендіру магистрі бағдарламаларына өтінім беру нысанында көрсетілген

қосымша тіркеу талап етілмейді, тіркеу жарнасының құнына кіреді

нәтижелерді мектеп ұсынады

4

GRE

Міндетті емес.

Бірақ үміткерлер өз өтінімін қабілетті GRE балымен күшейте алады

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

5

GMAT

Міндетті емес.

Бірақ үміткерлер өз өтінімін қабілетті GMAT балымен күшейте алады

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

6

MCAT

Медицина докторы

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

7

USMLE

Резидентура

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

8

IFOM

Резидентура

Толығырақ

Толығырақ

Толығырақ

Жеке кабинетте https://www.nbme.org/

Үмікерлерге қойылатын статустар

Барлық тіркелген үміткерлер өз конкурсқа қатысу өтінімінің статусы туралы Жеке кабинетте таныса алады. Төмендегі статустардың сипаттамасы үміткердің Жеке кабинетінде қойылу ретімен орналастырылған.

Статус

Сипаттама

Accepted Program offer

Үміткер оқуға шақыру хатын алып, көрсетілген мерзімге дейін оқуға шақыру хатты қабылдануға келісім нысанына қол қойды.

Accepted ZYGP offer

Үміткер Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы бағдарламасына оқуға шақыру хатын алып, көрсетілген мерзімге дейін Оқуға қабылдауға келісім нысанына қол қойды.

Application in processing

Үміткердің Онлайн өтінімі қабылданды және тексерістен өтіп жатыр. Қажет болған жағдайда, Студенттерді оқуға қабылдау департаменті үміткермен электрондық пошта арқылы хабарласады. Құжаттары толық Онлайн өтінімдер стандартты, объективті қарастыру және рейтинг құрастыру үшін Қабылдау комиссиясына жіберіледі.

Deferred

Үміткер бағдарламаға қабылданды, бірақ оқуын келесі жылға қалдыру туралы шешім қабылдады. Оқуды бастау мерзімі кейінге қалдырылған үміткерлерге гранттар тағайындау немесе кез келген қаржылық қолдау конкурстық негізде үміткерлердің жаңа ағымын қарастыру шеңберінде жүзеге асырылады.

Did not come to the Orientation week/Refused

Үміткер оқуға шақыру хатты қабылдады, бірақ бағдарлау аптасына қатыспады. Бұл Университетте оқудан бас тартуды білдіреді.

Did not submit the documents/Refused

Үміткер оқуға шақыру хатты қабылдады, бірақ қажетті құжаттарды белгіленген мерзімге дейін тапсырмады, яғни Университетте білім алудан бас тартты.

Disqualified

Үміткер конкурс шарттарын өрескел бұзғаны үшін конкурстан шығарылды. Мысалы, ол өтінім беру кезінде көрінеу жалған ақпарат берді.

Does not meet entry requirements

Үміткер қажетті құжаттарды тапсырмады немесе бағдарламаның ең төменгі талаптарына (GPA, IELTS баллына немесе жұмыс тәжірибесі талаптарына) сәйкес келмеді.

Enrolled conditionally

Үміткер белгілі бір мерзімге дейін шарт(-тарды) орындау талабымен бағдарламаға қабылданды.

Enrolled to Program

Бұл статус үміткердің бағдарламаға оқуға ресми түрде қабылданғанын растайды.

Enrolled to ZYGP

Бұл статус үміткердің Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылын сәтті аяқтаған жағдайда ғана тиісті академиялық бағдарламаға өту шартымен оқуға ресми түрде қабылданғанын растайды.

Pending

Үміткердің онлайн өтінімі қарастырылды, бірақ өтінім бойынша шешім әлі қабылданған жоқ. Үміткер Оқуға қабылдау департаментінен жауап күтуі керек.

Recommended to ZYGP

Қабылдау комиссиясы үміткерді Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылына қабылдауғы ұсынды.

Әрі қарай не істеу керек
Ұсынысты қабылдау: Ұсынысты қабылдау үшін жеке кабинеттегі нұсқауларды орындаңыз.
Ұсыныстан бас тарту: Сіздің орныңыз басқа үміткерге ұсынылуы үшін шешіміңіз туралы бізге міндетті түрде хабарлауды ұмытпаңыз.
Егер үміткер белгіленген мерзімде өз шешімі туралы хабарламаса, бұл оның Университетте оқудан бас тартқанын білдіреді.

Recommended to ZYGP on a fee-paying basis

Қабылдау комиссиясы үміткерді ақылы негізде Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылына қабылдауға ұсынды. Егер үміткер ұсынымды қабылдаса/қабылдамаса, ол бос орын болған жағдайда грант алуға қарастырылатын үміткерлер немесе студенттер (оқуға түскен жағдайда) тізімінде қалады.

Әрі қарай не істеу керек
Ұсынымды қабылдау: Ұсынымды қабылдау үшін жеке кабинеттегі нұсқауларды орындаңыз.
Ұсынымды қабылдамау: Сіздің орныңыз басқа үміткерге ұсынылуы үшін шешіміңіз туралы бізге міндетті түрде хабарлауды ұмытпаңыз.
Егер үміткер белгіленген мерзімде өз шешімі туралы хабарламаса, бұл оның Университетте оқудан бас тартқанын білдіреді.

Recommended for conditional admission

Қабылдау комиссиясы үміткерді оқуға шартты түрде қабылдау үшін көрсетілген мерзімге шарт(-тарды) орындауды ұсынды.

Әрі қарай не істеу керек
Ұсынымды қабылдау: Ұсынымды қабылдау үшін жеке кабинеттегі нұсқауларды орындаңыз.
Ұсынымды қабылдамау: Сіздің орныңыз басқа үміткерге ұсынылуы үшін шешіміңіз туралы бізге міндетті түрде хабарлауды ұмытпаңыз.
Егер үміткер көрсетілген мерзімде жауап бермесе, бұл оның Университетте оқудан бас тартқанын білдіреді.

Recommended to Program

Қабылдау комиссиясы үміткерді бағдарламаға қабылдауға ұсынды.

Әрі қарай не істеу керек
Ұсынымды қабылдау: Ұсынымды қабылдау үшін жеке кабинеттегі нұсқауларды орындаңыз.
Ұсынымды қабылдамау: Сіздің орныңыз басқа үміткерге ұсынылуы үшін шешіміңіз туралы бізге міндетті түрде хабарлауды ұмытпаңыз.
Егер үміткер көрсетілген мерзімде жауап бермесе, бұл оның Университетте оқудан бас тартқанын білдіреді.

Recommended to Program on a fee-paying basis

Қабылдау комиссиясы бағдарламаға үміткерді ақылы негізде ұсынуға шешім қабылдады. Егер үміткер ұсынымды қабылдаса/қабылдамаса, ол бос орын болған жағдайда грант алуға қарастырылатын үміткерлер немесе студенттер (оқуға түскен жағдайда) тізімінде қалады.

Әрі қарай не істеу керек
Ұсынымды қабылдау: Ұсынымды қабылдау үшін жеке кабинеттегі нұсқауларды орындаңыз.
Ұсынымды қабылдамау: Сіздің орныңыз басқа үміткерге ұсынылуы үшін шешіміңіз туралы бізге міндетті түрде хабарлауды ұмытпаңыз.
Егер үміткер көрсетілген мерзімде жауап бермесе, бұл оның Университетте оқудан бас тартқанын білдіреді.

Refused Program offer

Үміткер қабылдауға ұсынылды, бірақ оқудан бас тартты.

Refused in favor of another NU Program

Үміткер екі жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған және екеуіне қабылдауға де ұсынылған. Бұл статус үміткер бір бағдарламаны таңдап екіншісінен бас тарқан кезде қойылады.

Refused ZYGP in favor of another NU Program

Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылынан бас тартып басқа бағдарламаны таңдау туралы шешім қабылдағанда қойылады.

Refused ZYGP in favor of another ZYGP

Бірнеше жоғары оқу орнынан кейінгі бағдарламаға тапсырған үміткерлерге қатысты статус. Үміткер бір Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы бағдарламасын таңдап екіншісінен бас тарту туралы шешім қабылдағанда қойылады.

Refused ZYGP offer

Үміткер Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылына қабылдауға ұсынылды, бірақ оқудан бас тартты.

Rejected from Program

Конкурс кезеңдерінің бірінде Қабылдау комиссиясы үміткердің онлайн өтінімінің жалпы баллы төмен болуына байланысты өтінімді қайтарды.

Әрі қарай не істеу керек
Онлайн өтініміңізді жақсартып келесі қабылдау кезеңінде тапсыра аласыз.

Rejected from ZYGP

Waiting list for Program

Қабылдау комиссиясы онлайн өтінімдерді қарауды аяқтап, үміткерді күту тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Ағымдағы конкурс кезінде босатылған бос білім беру гранттары рейтингтегі орнына сәйкес кезекте тұрған үміткерлерге беріледі. Сонымен қатар, кезекте тұрған үміткерлерге ақылы негізде оқыту ұсынылуы мүмкін. Осы себепті оқытуға шақырулар бағдарлау аптасының соңына дейін жіберілуі мүмкін. Бұл мәртебеге ие үміткерлер университеттен хабарлама күтуі керек.

Әрі қарай не істеу керек - екі нұсқа бар:
Күте тұрыңыз: Егер белгілі бір грант иегері университетке түсуден бас тартса, Сізге оның гранттық орнына өтініш беру ұсынылуы мүмкін.
Ақылы негізде оқу: Егер Сіз ақылы негізде оқуға келіссеңіз, бізге хабарлаңыз. Сіз грантқа (егер тыйым салынбаған болса) күту тізімінде қаласыз.

Waiting list for ZYGP

Қабылдау комиссиясы онлайн өтінімдерді қарауды аяқтап, үміткерді Магистратура және докторантура бағдарламаларының дайындық жылы күту тізіміне енгізу туралы шешім қабылдады. Ағымдағы конкурс кезінде босатылған бос білім беру гранттары рейтингтегі орнына сәйкес кезекте тұрған үміткерлерге беріледі. Сонымен қатар, кезекте тұрған үміткерлерге ақылы негізде оқыту ұсынылуы мүмкін. Осы себепті оқытуға шақырулар бағдарлау аптасының соңына дейін жіберілуі мүмкін. Бұл мәртебеге ие үміткерлер университеттен хабарлама күтуі керек.

Әрі қарай не істеу керек - екі нұсқа бар:
Күте тұрыңыз: Егер белгілі бір грант иегері университетке түсуден бас тартса, Сізге оның гранттық орнына өтініш беру ұсынылуы мүмкін.
Ақылы негізде оқу: Егер Сіз ақылы негізде оқуға келіссеңіз, бізге хабарлаңыз. Сіз грантқа (егер тыйым салынбаған болса) күту тізімінде қаласыз.

Withdrawn

Үміткер Қабылдау комиссиясының шешімі шыққанға дейін конкурстан бас тартты.