NUFYP нені білдіреді?
NUFYP (Nazarbayev University Foundation Year Program) – Назарбаев Университет Дайындық мектебінің интенсивті 1 жылдық бағдарламасы. . Бағдарлама Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламасына дайындау үшін тұлғалық дамуға, оқу дағдыларын дамытуға, математика мен академиялық ағылшын тілін меңгеруге бағытталған. Осы бағдарлама бойынша білім алу мемлекеттік гранты аясында немесе басқа да гранттар есебінен және ақылы негізде болуы мүмкін. Бітірушілер Университет алдындағы дайындық бағдарламасын аяқтау нәтижесінде Назарбаев Университетінің бакалавриат бағдарламаларына қабылданады.
NUFYP бағдарламасына 10 сынып оқушысы оқуға түсе ала ма?
Жоқ, оқуға түсе алмайды. NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына тек орта білім беру/орта білімнен кейінгі ұйымдардың соңғы сынып/курс білім алушылары мен түлектері ғана қатыса алады. Басқаша айтқанда, NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін бітіруші (соңғы) сынып/курс оқушысы немесе мектеп немесе орта білімнен кейінгі білім беру ұйымының түлегі болуы керек. Растама ретінде талапкерлер мектептен анықтама немесе мектеп аттестатын ұсынады.
Назарбаев Университетінің NUFYP бағдарламасында және орта мектепте қатар оқуға бола ма?
Бұл мүмкін емес. NUFYP бағдарламасының тыңдаушысы НУ-ға оқуға қабылдану кезінде және білім алу барысында орта білім беру ұйымының/орта білімнен кейінгі ұйымның түлегі болуы керек. NUFYP бағдарламасы күндізгі оқу нысаны бойынша оқытылады.
Назарбаев Университетінде оқу қай тілде жүргізіледі?
Назарбаев Университетінде оқу ағылшын тілінде жүргізіледі.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу міндетті ме?
Мектепті/колледжді бітіргеннен кейін NUFYP бағдарламасына түсу міндетті емес. Талапкерлер бакалавриат бағдарламаларына тікелей оқуға түсе алады.
Тек қана бір курсты алып, оқуға болады ма?
Ондай мүмкіндік жоқ. Бағдарламада оқу үшін оқуға түсу қажет.
НУ-дағы NUFYP бағдарламасында оқып, өз еркімен оқудан шығарылған талапкерлер үшін қайта түсуге шектеулер бар ма?
Университеттен өз еркімен шығарылған NUFYP студенттері тек бакалавриат бағдарламасының конкурсына қатыса алады.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін ҰБТ тапсыру қажет пе?
Назарбаев Университетіне оқуға түсу барысында ҰБТ балдары ескерілмейді. NUFYP талапкерлері үшін 2024-2025 оқу жылғы конкурстық іріктеуде IELTS/TOEFL және NUET нәтижелері қарастырылады. Емтихандар ағылшын тілінде өтеді. NUET емтиханы туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.
Назарбаев Университетіне оқуға түсу үшін аттестаттың орташа балы қандай болуы қажет?
Назарбаев Университетіне оқуға түсерде аттестат балдары және «Алтын белгі» белгісі ескерілмейді. NUFYP талапкерлері үшін конкурстық іріктеуде IELTS/TOEFL және NUET нәтижелері қарастырылады. NUET емтиханы туралы толық ақпаратты мына сілтеме бойынша алуға болады.
NUFYP бағдарламасы бойынша конкурс қанша кезеңнен тұрады?
Талапкерлерді іріктеу конкурсы келесі кезеңдерден тұрады:
1. I кезең – онлайн өтінім беру (қазан-желтоқсан);
2. II кезең – қабылдау емтиханы (ақпан - наурыз);
3. III кезең – II кезеңде және ағылшын тілі тест нәтижелері бойынша қажетті балдарды жинаған талапкерлердің құжаттарын қарастыру (сәуір-мамыр);
4. Талапкерлердің жинаған балдары негізінде құрылатын рейтингке сәйкес талапкерлерге оқуға шақыру хаттарын жіберу (мамыр-шілде)*;
5. Оқуға қабылдау үшін талапкерлердің құжаттарының түпнұсқасын қабылдау (Студенттерді оқуға қабылдау департаментінің сұранысы бойынша, маусым-шілде).
*Күту тізіміндегі талапкерлер оқудың басталу уақытына дейін бос орындар пайда болған жағдайда (басқа талапкерлер оқуға шақыру хатынан бас тарту себебінен), оқуға шақыру хатын алуы мүмкін.
Талапкердің қабылдау емтихандары бойынша қажетті ең төменгі өту балдарын жинауы NUFYP бағдарламасына автоматты түрде түсуіне және грант иегері болуына кепілдік бермейді. Талапкерлер жыл сайын Қазақстан Республикасының ҒЖБМ бөлетін грант санына байланысты мемлекеттік гранттарды тағайындау конкурсына қатысады. Басқа гранттар бойынша квоталарды Университет анықтайды.
Қабылдау емтихандары туралы ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.
NUFYP бағдарламасына өтінім беру әрекеттері қандай?
Конкурстық іріктеуге қатысу үшін талапкер келесі қадамдарды орындау қажет:
1. admissions.nu.edu.kz порталында онлайн тіркелу және Жеке кабинет ашу;
2. Өтінім беру нысанын толтыру және қажетті құжаттарды тапсыру;
3. Тіркелу жарнасын төлеу және «PAY AND SUBMIT APPLICATION» батырмасын басу арқылы өтінім беру процесін аяқтау.
Өтінім жарнасы 5000 теңгені құрайды (сома қайтарылмайды). Өтінім қабылдау мерзімінің соңғы екі аптасында, сонымен қатар, аталған мерзімді ұзарту кезеңінде тіркелу жарнасының құны үш есе өседі - 15000 теңге.
4. IELTS/TOEFL сертификат нәтижелерін ұсыну;
5. Келесі қадамдар. Студенттерді оқуға қабылдау департаменті жіберетін ақпаратты жіберіп алмау үшін өтінім беру нысанында көрсетілген электрондық поштаны және өтінім статусын тексеру үшін Жеке қабинетті үнемі тексеріп отыру қажет.
NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсына қатысу үшін тіркелу жарнасы қандай?
NUFYP бағдарламасына өтінім беру кезіндегі тіркелу жарнасы 5000 теңгені құрайды (өтінімдерді қабылдау мерзімінің соңғы екі аптасында және аталған мерзім ұзартылған жағдайда тіркелу жарнасының сомасы үш есе өседі). Бұл сома қайтарылмайды. Тіркелу жарнасы талапкердің Жеке кабинетінде интернет арқылы төленеді. Банк арқылы төленген тіркелу жарнасы қабылданбайды.
Егер порталда Жеке кабинетті ашу кезінде электрондық пошта қате көрсетіліп, сайтта талапкер көрсеткен ЖСН жүйеде бар екендігі туралы хабарлама пайда болуына байланысты тіркелуді қайта өту мүмкін болмаса, не істеу қажет?
Ол үшін ЖСН (ҚР азаматтары үшін), толық аты-жөнін және мәселені толық сипаттап, undergraduate_admissions@nu.edu.kz поштасына хат жазу керек. Қате мәліметтер көрсетілген тіркелу жойылғаннан кейін, талапкерге оның бастапқы сұранысына жауап ретінде хабарлама жіберіледі және дұрыс мәліметтерді көрсете отырып, қайтадан жаңа Жеке кабинетті ашуға болады.
Егер талапкер Жеке кабинетке кіре алмаса не істеу керек?
Мәселені шешу үшін ЖСН (ҚР азаматтары үшін), толық аты-жөнін, мәселенің толық сипатын және қате көрсетілген беттің скриншотын undergraduate_admissions@nu.edu.kz поштасына жіберу қажет.
Талапкер Жеке кабинеттің құпиясөзін ұмытып қалса не істеуі қажет?
admissions.nu.edu.kz порталында “reset password” функциясын қолдану қажет.
Тіркелу жарнасын төлеуде қиындықтар туындаса не істеу қажет?
Банк картасында интернет транзакцияларын жасау қолжетімділігін тексеру қажет. Егер онлайн төлемдерді жасау рұқсаты бар болса, алайда мәселе сонда да шешілмесе, банкке хабарласу және мәселені толық сипаттап, қате көрсетілген беттің скриншотын undergraduate_admissions@nu.edu.kz поштасына жіберу қажет.
Конкурсқа қатысуға онлайн өтінім беру үшін NUFYP бағдарламасының өтінім беру нысаны қайда орналасқан?
admissions.nu.edu.kz порталында «Тіркелу» батырмасын басып, тіркелу терезесінде қажет ақпаратты ағылшын тілінде енгізіңіз. «Академиялық дәреже» бөлімінде «Бакалавриат/Undergraduate» бағдарламасын, одан кейін Foundation and Undergraduate Programs бағдарламаларын таңдап, Application Form for the Foundation and Undergraduate Programs өтінім беру нысанын ашып, толтырыныз.
Өтінім беру нысанын бір күн ішінде толтыру қажет пе?
Жоқ, өтінім беру нысанын онлайн өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін бірнеше рет толтыра аласыз. Бұл жағдайда, енгізілген деректерді «Save» батырмасын басу арқылы сақтап отыру қажет. Толтырған өтінім беру нысаны Жеке кабинетте сақталады және онда соңғы өзгерістер енгізілген күні мен уақыты көрсетілетін болады. Келесі жолы өтінім беру нысанын толтыруға оралғанда жаңа нысанды толтырмай, сақталған өтінім беру нысанын таңдау қажет. Өтінім беру нысанын толтыруды аяқтағаннан кейін «Upload» батырмасын басу қажет.
Өтінім нысанын толтыру, құжаттарды жүктеу, тіркеу жарнасын төлеу бойынша белгілі бір тәртіп бар ма?
Талапкердің Жеке кабинетті ашуы барысында өтінім беру бойынша толық нұсқаулық ашылады. Талапкер оған өтінім нысанын толтыру, құжаттарды жүктеу, тіркелу жарнасын төлеу кезінде, яғни, кез келген уақытта жүгіне алады.
Linguaskill тест нәтижелері қарастырылады ма?
Жоқ, Linguaskill нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
IELTS/TOEFL нәтижелерін қалай ұсынуға болады?
Егер емтихан нәтижесі ең төменгі талаптарға сай келсе, көрсетілген мерзімге дейін келесі қадамдарды орындау қажет:
Түсіндірме: IELTS/TOEFL тестіне тіркелу кезінде талапкер сертификаттардың электронды нәтижелерін жіберу үшін бірнеше университетті көрсете алады. IELTS үшін «Nazarbayev University» және TOEFL үшін «6762» кодын көрсету арқылы Назарбаев Университетіне сертификатты жіберуге тапсырыс беруге болады. Әр сертификаттың реттік нөмірі арқылы университеттер нәтижелердің дұрыстығын тексере алады. Егер талапкер IELTS/TOEFL емтиханын тапсырмас бұрын НУ-ға электронды тегін жіберілімді ұсыну туралы ақпаратты белгілемеген болса, Тест орталығына хабарласу арқылы сертификатқа тапсырыс бере алады.
Маңызды: сертификаттың сканерленген көшірмесін Университеттің электрондық поштасына және қағаз түріндегі түпнұсқасын пошта арқылы жіберудің қажеті жоқ.
IELTS Indicator, IELTS Online, TOEFL iBT Home Edition және TOEFL PDT нәтижелері конкурста қарастырылмайды.
Ұсынылатын сертификаттар 2024 жылғы 1 тамызға дейін жарамды болуы қажет, яғни, 2022 жылдың 1 тамызына дейін тапсырылған тест нәтижелері қабылданбайды..
IELTS/TOEFL сертификатын ұсынудың соңғы мерзімі сайтта көрсетілген.
IELTS/TOEFL үшін Superscoring бар ма?
Жоқ, IELTS/TOEFL үшін Superscoring (екі немесе одан да көп сертификаттың барлық емтихан бөлімдері бойынша ең жоғары ұпайларды қолдану арқылы ең жоғары жалпы балды алу) қолданылмайды. Бірақ, бекітілген мерзімге дейін бірнеше сертификат ұсынуға болады. Конкурста тек соңғы ұсынылған/жүктелген сертификат қарастырылатынын, ал бұған дейін ұсынылған сертификаттың мәліметтері жойылатынын ескертеміз.
Қосымша IELTS/TOEFL сертификатын ұсынудың мерзімі қандай?
Қосымша IELTS/TOEFL сертификатын ұсыну мерзімін “Маңызды күндер” бөлімінде сілтеме арқылы қадағалауға болады.
НУ-да IELTS, SAT тесттеріне дайындалуға және/немесе тапсыруға болады ма?
Өкінішке орай, Назарбаев Университеті дайындық пен аталған тесттерді тапсыруды жүзеге асырмайды. Тестті Қазақстанның басқа ресми тест орталықтарында тапсыруға болады.
NUET дегеніміз не?
NUET (Nazarbayev University Entrance Test) – НУ серіктесі әзірлеген Математика және Сыни тұрғыдан ойлау және мәселелерді шешу дағдылары бойынша стандартталған қабылдау емтиханы. NUET туралы ақпарат осы сілтемеде қолжетімді.
NUET емтиханынан босатылу үшін SAT тест нәтижелерін ұсынуға бола ма?
SAT нәтижелері NUFYP бағдарламасына оқуға түсу конкурсында қарастырылмайды.
NUET бойынша оқу материалдарын қайдан табуға болады?
NUET емтиханына дайындық материалдары сілтеме бойынша қолжетімді. Сонымен қатар, олар Дайындық мектеп сайтында жарияланған.
НУ-да NUET-ке дайындау курстары бар ма?
Назарбаев Университетінде NUET-ке дайындау курстары жоқ. Дегенмен, дайындық материалдарын “Пайдалы ресурстар” бөлімінде және Дайындақ мектебінің сайтында да табуға болады.
NUFYP бағдарламасының Қабылдау комиссиясына кім кіреді?
Оқуға қабылдау жөнінде шешімнің барлығын Қабылдау комиссиясы қабылдайды. Қабылдау комиссиясының құрамына Университет Мектептерінің өкілдерін қоса алғанда Университет қызметкерлері кіреді, сондай-ақ, Университеттің серіктес жоғары оқу орындар өкілдері де кіруі мүмкін.
Конкурс нәтижелері қашан шығады?
NUFYP конкурсының бірінші нәтижелері мамыр айында шығады. Емтихан нәтижелері бойынша рейтингтің басында орналасқан талапкерлер Назарбаев Университетіне оқуға шақыру хатын алады. Мемлекеттік гранттар саны Қазақстан Республикасы ҒЖБМ қаулысымен анықталады. Емтихандар бойынша қажетті балдарды жинаған, бірақ оқуға шақыру хатын алмаған талапкерлер күту тізімінде қалады. Гранттар босаған жағдайда күту тізіміндегі талапкерлер рейтингке сәйкес бос орындарға көтеріледі.
NUFYP бағдарламасына қанша грант бөлінеді?
2023 жылы 558 грант бөлінді. Мемлекеттік гранттар саны Қазақстан Республикасы ҒЖБМ-мен анықталады. НУ қаражаты есебінен қаржыландырылатын гранттардың санын Университет ағымдағы студенттердің санын ескере отырып, ПОҚ қуаты, сыйымдылығы, жүктемесі негізінде айқындайды. Гранттар талапкерлердің рейтингісіне сәйкес қабылдау емтихандары бойынша жинаған балдарына байланысты бөлінеді. Қабылдау емтихандары бойынша балл неғұрлым жоғары болса, грант алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады. Мемлекеттік грант көптеген талапкерлер үшін қол жетімді.
NUFYP бағдарламасына ақылы оқуға қалай түсуге болады?
NUFYP бағдарламасына ақылы оқуға түсу үшін ағымдағы жылдың грант аясында оқуға түсу конкурсына қатысқан, алайда грантқа оқуға түспеген, бірақ күту тізіміне енгізілген талапкерлер конкурсқа қатысуы мүмкін. Оқу кезеңінде бос гранттар пайда болған жағдайда ақылы негізде білім алушылар грантқа ауыстырылуы мүмкін.
NUFYP бағдарламасы бойынша оқуды бітіргеннен кейін бакалавриат бағдарламасына өту үшін IELTS немесе NUET емтихандарын қайта тапсыру қажет пе?
NUFYP бойынша оқу жоспарында көрсетілген курстарды аяқтағаннан кейін талапкер Дайындық мектебі өткізетін қорытынды емтихандарды тапсырады. Бакалавриат бағдарламасына өту және одан әрі оқытуды қаржыландыру нысаны қорытынды емтихандар бойынша жинаған балдарға байланысты болады.
Жатақханада тұру құны қандай?
2023-2024 академиялық жылда айлық жатақханада тұру құны келесідей:
9 900 тг. – 4-орынды бөлмелі орын
12 000 тг. – 3-орынды бөлмелі орын
18 000 тг. – 2-орынды бөлмелі орын.
Жатақхана жайлы ақпарат алу үшін Студенттермен жұмыс жүргізу департаментіне student_housing@nu.edu.kz поштасы арқылы хабарласыңыз.
NUFYP бағдарламасы студенттерінің айлық шәкіртақысы қандай?
NUFYP бағдарламасы студенттері ай сайын 35 613 тенге мөлшерінде шәкіртақы алады.
Оқуға шақырудан бас тартқаннан кейін кепілдік жарнаны қалай қайтаруға болады?
Оқуға шақыру хатынан бас тартқан жағдайда кепілдік жарна қайтарылмайды. Кепілдік жарнаны қайтару шарттары оқуға шақыру хатында көрсетілген барлық талаптарды орындау мен НУ-мен шартқа қол қою болып табылады.