Біз туралы

Серіктестіктер

NAC Analytica

NAC Analytica

Еншілес ұйым 2018

«Ұлттық талдамалық орталық» корпоративтік қоры (бұдан әрі – ҰТО) әлеуметтік-экономикалық саясат, макроэкономикалық модельдеу және болжау саласында зерттеулер жүргізу, сондай-ақ әлеуметтанулық зерттеулер, аймақтық талдау және мінез-құлық саясатын жүргізу мақсатында Назарбаев Университетінің Басқарушы кеңесінің шешімімен 2018 жылғы наурызда құрылды.

ҰТО жұмысы қолданбалы және іргелі ғылыми зерттеулерді қолдауға, сондай-ақ жарғылық мақсаттарды жүзеге асыру аясында ұйымдармен және мекемелермен байланыс орнатуға бағытталған.

http://www.nacanalytica.com/
University Medical Center

University Medical Center

Еншілес ұйым 2015

University Medical Center (UMC) Назарбаев Университетінің интеграцияланған академиялық денсаулық сақтау жүйесінің бөлігі болып табылады. UMC бұрынғы Ұлттық медициналық холдингінің үш клиникасың – Республикалық диагностикалық орталығы,  Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығы, Балалар оңалту ұлттық орталығы  негізінде құрылды.

umc.org.kz
National Laboratory Astana

National Laboratory Astana

Еншілес ұйым 2015

«National Laboratory Astana» жеке мекемесі 2015 жылы Қазақстан Үкіметінің және Назарбаев Университетінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Назарбаев Университеті «NATIONAL LABORATORY ASTANА» жеке мекемесінің құрамына Өмір туралы ғылымдар орталығы және Энергетика және жаңа материалдар туралы ғылым орталығы кіреді.

Мекеменің негізгі мақсаты өмір туралы ғылымдар, энергетика, және де басқа пәнаралық ғылым саласы бойынша көпбейінді іргелі және/немесе қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізу, сондай-ақ ғылыми, ғылыми-техникалық, білімберу мен мамандарды даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыру үшін ғылыми-зертханалық, тәжірибелік базалар, орталықтар, институттар құруды жүзеге асыру болып табылады.

nla.nu.edu.kz
Әлеуметтік даму қоры

Әлеуметтік даму қоры

Еншілес ұйым 2017

«Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы құрған «Әлеуметтік даму қоры» корпоративтік қоры қордың ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады және Университет пен оның ұйымдарына ерікті жарналар мен заңнамамен тыйым салынбаған басқа да түсімдердің негізінде Қор қалыптастырған мүлікті ұсыну арқылы олардың қызметіндегі мақсаттарды жүзеге асыруда өтеусіз материалдық, қаржылық, ұйымдастырушылық және басқа да көмек көрсету үшін құрылды.

fund.nu.edu.kz
University Service Management

University Service Management

Еншілес ұйым 2010

University Service Management (USM) 2010 жылғы 10 тамызда құрылған. USM негізгі қызметі болып табылатындар: университеттің академиялық, ғылыми және әкімшілік кешенінің инфрақұрылымын басқару; студенттердің, оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлер мен Университет қонақтарының тұруын ұйымдастыру; жұмыс орнын ұйымдастыру; университет аумағында сервистік инфрақұрылымды дамыту; университет аумағында қауіпсіздікті қамтамасыз ету; көлікпен қамтамасыз ету; спорт ғимараттарын басқару.

usm-astana.kz
«National Conservation Initiative» корпоративті қоры

«National Conservation Initiative» корпоративті қоры

Еншілес ұйым 2021

2012 жылы «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымы құрған «National Conservation Initiative» корпоративті қордың ұйымдық-құқықтық нысанындағы коммерциялық емес ұйым болып табылады. Қордың негізгі мақсаты қоршаған ортаны қорғау, тұрақты даму және климаттың өзгеруі, биоалуантүрлілікті және тарихи-мәдени мұраны сақтау саласындағы жобаларды жүзеге асыру болып табылады.