Біз сіздерге Назарбаев Университетінің жатақханасын – студенттердің өз әлеуетін ашуға және белсенді студенттік өмір сүруге жағдай жасайтын ортаны.таныстыруға қуаныштымыз.
НУ жатақханаларында тұру және университеттің академиялық, спорттық және басқа да мүмкіндіктерін пайдалану студенттердің жеке тұлғалық дамуына ғана емес, сонымен қатар университет пен қоғамға пайдалы болашақ жетістіктерге шабыттандырады.
Жатақхана бөлмелерінің барлығы жайлы тұру үшін қажетті заттармен жабдықталған: төсек орын, үстелдер, шкафтар, тумбочкалар, Wi-Fi роутерлер және т.б. Сондықтан қосымша жиһаз алып келудің қажеті жоқ. Бөлмелердің өлшемі блокқа байланысты әртүрлі бола алады.
НУ жатақханалары туралы қысқаша мәліметтер:
- НУ студенттерінің 80%-дан астамы кампуста тұрады.
- Университетте 9 тұрғын блогы бар.
- Әр блокта Резидент-ассистент және Блок менеджері қызмет етеді.
- Бірінші курс студенттері әдетте 3–4 адамдық бөлмелерге орналасады. Кейінгі курстарда студенттер екі адамдық бөлмелерге көшеді.
- Тұрғын блоктардың үш түрі бар: 7 қабатты, 10 қабатты және 12 қабатты ғимараттар.
Блоктарда медициналық кабинет, оқу бөлмелері, кір жуатын орындар, шағын маркеттер, сауда автоматтары, шаштараздар, асханалар және басқа да ортақ аймақтар бар.
Ас үй
Әр тұрғын блоктың қабатында тоңазытқыштар, плиталар, шкафтар, раковина, сондай-ақ ортақ үстелдер мен орындықтар қойылған асүй бар. Мұнда студенттер бірге тамақ пісіріп, бір дастархан басында жинала алады.
Асханалар
Өздігінен тамақ әзірлеуден бөлек, студенттер тұрғын блоктардағы асханалардан қолжетімді бағамен түрлі тағамдарды сатып ала алады.
Автотұрақ
НУ аумағындағы автотұрақта көлік қалдыру тек жатақханада тұрмайтындарға рұқсат етіледі. Автотұрақ орнын алу үшін жеке өтініш беру қажет.
Велосипед
НУ аумағында велосипедтерге арналған тұрақтар орнатылған. Олар әр тұрғын блоктың алдында орналасқан. Маңызды: семестр соңында велосипедтерді алып кету керек. Қалдырылған велосипедтер тәркіленеді. Қысқы уақытта велосипедтерге арналған шектеулі қойма ұсынылады.
Қауіпсіздік құралдары
Кампус тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін өрт сөндіру жүйелері, түтін мен жылу детекторлары, эвакуациялық шығу белгілері, өрт сөндіргіштер, өртке қарсы шлангілер, сиреналар және басқа да жабдықтар қолданылады. Бұл жүйелерді төтенше жағдайдан тыс пайдалану немесе оларға кедергі жасау қатаң тыйым салынады.
Шылым шегу
Кампус тұрғындарының құқықтарын қорғау және университет саясатына сәйкес, тұрғын блоктар толықтай темекі шегуден бос аймақ болып табылады. Бұл дәстүрлі темекі өнімдеріне де, түтінсіз құрылғылар мен электронды сигареттерге де қатысты. Шылым шегуге бөлмелерде де, ортақ аймақтарда да тыйым салынады. Кампус аумағында шылым шегуге арналған белгіленген орындар бар.
Сіз білуіңіз керек адамдар:
- Студенттік жатақхана бөлімі. Бұл бөлім қызметкерлері студенттерге кампуста тұруға қатысты кез келген сұрақтар мен мәселелер бойынша көмек көрсетеді.
- Блок менеджері. Студенттердің қоныстануы/жатақханадан шығуы және бөлмелердің санитарлық жағдайына жауап береді.
- Резидент-ассистент (RA). Әр блокқа бекітілген университет қызметкерлері қызмет етеді. Олар тәлімгер рөлін атқарып, студенттерге бағыт-бағдар береді және жатақханалардағы тәртіпті қадағалайды.
- Ресепшн менеджері. Студенттерге бөлмелер мен блоктағы мүмкіндіктерге қатысты сұрақтар бойынша тәулік бойы көмек көрсетеді.
- Қауіпсіздік қызметінің менеджері. Тұрғын блоктардағы қауіпсіздік пен күзетке жауап береді, тәулік бойы кезекшілік етеді және кез келген уақытта студенттерге көмектесуге дайын.