Келушілерге арналған

Спорттық инфақұрылым

Өз тәжірибеңізді кеңейтіңіз

NU қауымдастығына ашық, Олимпиада стандартына сай бассейні бар заманауи көп спорттық кешенімізде сабақтан тыс уақытта физикалық және психикалық әл-ауқатыңызды жақсартыңыз.

 

30+

спорт үйірмелері мен секциялары

6000м²

жалпы спорт алаңы

50м

Олимпиадалық бассейн

10+

спорттық іс-шаралар

НУ спорт кешені спортта көптеген мүмкіндіктерді ұсынады:

NU Sports кешені – бұл олимпиадалық стандартты жүзу бассейн, көпфункционалды зал, сквош корты және түрлі спорт залдарымен жабдықталған Атлетикалық және Спорт орталықтардаң туратын көпфункционалды кешені; 38 блокта орналасқан оқытушыларға/қызметкерлерге және кампус тұрғындарына арналған спорт залы; және ашық жазғы спорт алаңдары (футбол, баскетбол, волейбол).

Назарбаев Университетінде cпорт кешені бар. Ол мына нысандардан тұрады:

  • Атлетикалық орталығы 
  • Спорт орталығы 
  • Ашық жаз спорттық аландар

Назарбаев Университетіндегі атлетикалық орталығы

Атлетикалық орталық – университеттің негізгі спорт нысандарының бірі. Мұнда 50 метрлік олимпиадалық жүзу бассейні, альпинистік қабырға, заманауи фитнес-зал және сквош корттары бар. Орталық кәсіби спортшылар мен салауатты өмір салтын ұстанушыларға арналған, мұнда заманауи жаттығу жабдықтары мен кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігі қарастырылған.

Назарбаев Университетіндегі cпорт орталығы

Орталықта толық жабдықталған фитнес-зал, көп мақсатты спорт залдары және түрлі ішкі және сыртқы жаттығуларға арналған арнайы аймақтар бар.

Студенттер мен қызметкерлер топтық фитнес сабақтарына, жеке жаттығуларға және спорттық-сауықтыру бағдарламаларына қатыса алады. Спорт орталығы жоғары сапалы корттар мен жабдықтарды ұсынып, тамаша спорттық тәжірибе алуға мүмкіндік береді.

Спорт кешенінің жұмыс уақыты:

07:00-ден 22:00–ге дейін жұмыс күндері

09:00-дан 22:00–ге дейін демалыс күндері.

Спорт кешенінің жұмысы туралы, кестеге енгізілген өзгерістер туралы ақпарат ресепшнде ақпараттық стендте алдын ала орналастырылады.

Университеттің және оның ұйымдарының студенттері мен қызметкерлеріне ақпарат корпоративтік пошта арқылы жүзеге асырылады.

Төлем

Студенттік абоненттік төлемін (бассейн, спорт залы, ойын залы, жүгіру жолы) төлеу үшін my.nu.edu.kz студенттік порталына кіріп, Multi-Visit Pass жазылымын (тек карта арқылы) онлайн — billing жүйесі арқылы төлеңіз.

Белсенді төлем ақы туралы ақпарат алу үшін Спорт кешеніне (студенттер, оқытушылар, қызметкерлер, отбасы мүшелері және үшінші тарап төлем ақылары) sportcomplexmanagement@nu.edu.kz электрондық поштасы немесе 8 (7172) 70-66-96 телефоны арқылы хабарласыңыз.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53