Назарбаев Университетінің кампусында студенттерге, оқытушылар мен қызметкерлерге университет өмірінің барлық қырларын сезіну үшін барлық жағдай жасалған. Көптеген қызметтер мен мүмкіндіктердің арқасында біз әркім өмір сүре алатын, оқып, жаңа идеяларды дамытатын, жеке және кәсіби салаларда өсіп, өмірден ляззат алатын табысты қауымдастық құруға тырысамыз!
Кампус картасы
Карта сипаттамасы
Орындар
Бас ғимарат
Оқу корпусы
Демалыс орындары мен корпустары
Спорт корпустары мен алаңдары
Бақылау-өткізу пункті
Студенттерге арналған тұрғын үй-жайлар (дәріхана, шағын маркет, асхана, кір жуу орны, аяқ киім жөндеу)
Оқытушылар мен қызметкерлерге арналған тұрғын үй-жайлар (шағын маркет, балалар бақшасы, жаттығу залы, сұлулық салоны)
Негізгі
Бас ресепшн
Кафе немесе асхана
Кітапхана
Банкоматтар
Медициналық орталық
Тұрақ
Кофехана
Дүкен
Авиакассалар
Кеңсе тауарлары дүкені
NU дүкені (кітаптар және кәдесыйлар)
Блоктар
B1 — Бас ғимарат
B12A — Жаңа атриум
BC2 — Бас ғимарат
B2 — Дайындық мектебі
B3 — School of Engineering and Digital Sciences
B4 — Асхана
B5 — «NU Library and IT Services» жеке мекемесі
B6 — Тау-кен ісі және жер туралы ғылымдар мектебі
B7 — Инженерия және цифрлық ғылымдар мектебі, Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
B8 — Жаратылыстану, әлеуметтік және гуманитарлық ғылымдар мектебі
B9 — «NU Research and Innovation System» жеке мекемесі, «Astana Business Campus» ғылыми паркі, оқу зертханалары
BC3 — Жоғары бизнес мектебі, Жоғары білім беру мектебі, Жоғары мемлекеттік саясат мектебі
BC4 — Көпфункционалды зерттеу орталығы
BS1 — Ғылыми зертханалар
BS4 — Ғылыми зертханалар
B35 — Атлетикалық орталық
B34 — Спорт орталығы
B13 — Technopark
B72 — Әкімшілік шаруашылық
B73 — Қазандық бөлмесі
Кампус турлары
Кампус және оның инфрақұрылымы туралы көбірек біліңіз
Playlist
Денсаулық, қауіпсіздік және қоршаған орта
Назарбаев Университеті келіп кетушілер, студенттер, оқытушылар мен жұмысшыларды қауіпсіз әрі оңтайлы ортамен қамтамасыз етуге міндеттенеді.Денсаулық және қоршаған ортаны сақтау мен қауіпсіздікті орнату аясында жоғары деңгейдегі халықаралық және мемлекеттік заң талаптарына сай жұмыстар белсенді жүргізілуде.

Денсаулық сақтау мен Қауіпсіздік
Жұмысшылар жұмысқа орналасу және студенттер Университетпен танысу аптасы кезінде денсаулық сақтау мен қауіпсіздік нұсқамасынан өтуі тиіс. Нұсқама жалпы ақпарат, денсаулық сақтау мен қауіпсіздік техникасы, өрт қауіпсіздігі және басқа тәртіптер жайлы арнайы мағлұматтарды қамтиды. Сонымен қатар денсаулық сақтау мен қауіпсіздік нұсқамасы лабораторияда жұмысты бастамас алдында міндетті түрде қосымша өткізіледі.
Барлық ғимараттар автоматтандырылған өрт дабылы жүйесімен және қарапайым өрт құралдарымен (түтін детекторлары, су сепкіштері, өрт сөндіргіш, өрт құбыршегі) өрт ошағын анықтау және алдын алу мақсатында жабдықталған. Сонымен қатар ғимараттарда және олардың ауласында спирттік ішімдіктер ішу мен шылым шегуге және электронды темекіні қолдануға қатаң тыйым салынады. Төтенше жағдайларға дайындық мақсатында, ғимараттан арнайы жедел эвакуациялану жаттығулары жыл сайын өткізіледі.
Әр денсаулық сақтау және қауіпсіздікке байланысты мәселелер жетекшіге хабарланып талқылануы қажет және қосымша деректер hse@nu.edu.kz электронды адресіне қажетті қосымша шаралар қолдану үшін жіберілуі тиіс. Төтенше жағдай немесе өрт кезінде Университет телефоны + 7 (7172) 70 62 62 немесе 101 телефондарына көмек және хабар беру үшін қоңырау шалынуы тиіс.

Денсаулық
Халықтың эпидемиялогиялық қал жағдайын бақылау және жұқпалы аурулардың таралуын уақытылы алдын алу және болдырмау мақсатында жыл сайын міндетті медициналық тексеру өткізіледі. Студенттер, оқытушылар және жұмысшылар денсаулық сақтандыру қызметтерімен қамтылады. Сонымен қатар студенттерге кампустағы дәрігерге қаралу мүмкіндігі қарастырылған.

Қоршаған орта
Университет табиғи ресурстарды пайдалануды оптимизациялау және қоршаған ортаны ластау деңгейін төмендетуді көздеуде. Осы жұмыс аясында және дүниежүзілік климаттың өзгеруін тоқтатуға ат салысу мақсатында Университет Green Campus атты іс-шарасын өткізуде. Назарбаев Университеті ауласында арнайы контейнерлерге қайта пайдалануға жарамды қоқыстарды бөлек жиыстыруда. Сонымен қатар бір рет қана пайдалануға жарамды пластиктен жасалған ыдыстардың орнына шыны ыдыстарды пайдалану қолдау табуда.

Қоғамдық қауіпсіздік
Қауіпсіздік шаралары аясында Университет аумағы кіру пунктерімен жабдықталған және кіру үшін NU ID карточкаларын көрсетуді талап етеді. Сонымен қатар Университетке келіп кетушілер +7 (7172) 70 62 56 телефонына немесе security@nu.edu.kz электронды адресіне берілген өтініш арқылы кіре алады. Басқа келіп кетушілер Университет аумағына кіре берісте төлқұжаттарын көрсетіп тіркелу арқылы кіре алады.
Университет аумағына автокөліктер үшін 3 және жаяу жүргіншілер үшін 2 кіреберіс бар. Жеке меншік автокөліктер тек автотұрақ рұқсатнамасы болған жағдайда ғана сонымен қатар рұқсатнамасы бар таксилер ғана Университет аумағына кіре алады.
Қауіпсіздік шараларына қатысты қосымша сұрақтар туындаған жағдайда Қауіпсіздік Істері Жөніндегі жетекшісі alibek.abdullayev@nu.edu.kz электронды адресіне жазу арқылы немесе + 7 (7172) 70 64 07 телефонына қоңырау шалу арқылы хабарласуларыңызды сұраймыз.


