Пәнаралық зерттеулердің табыстылық көрсеткіштері
«Назарбаев Университеті» пәнаралық зерттеулердің табыстылығын пәнаралық жобаларға бөлінген қаржыландыру мен олардың нәтижелерін бағалайтын бірлескен гранттар арқылы өлшейді. Бұл көрсеткіштерге қаржыландырылған жобалар (гранттар) саны, жарияланымдар саны және түрлі пәндер арасындағы ынтымақтастық деңгейі жатады. Біз Қазақстанда білімге негізделген экономиканың дамуына және азаматтардың әл-ауқатына ықпал ететін алдыңғы қатарлы зерттеулерді ілгерілетуге, тәжірибе алмасуға және ынтымақтастыққа бағытталған Назарбаев Университетінің (NU) зерттеулерді қаржыландырудың негізгі құралы болып табылатын Бірлескен ғылыми-зерттеу бағдарламасын (CRP) жыл сайын жариялаймыз. CRP Қазақстанда дәлелденген инновациялар мен әлеуметтік-экономикалық жақсартуларды қамтамасыз ететін күрделі проблемаларды кешенді шешу үшін қажетті жоғары интеллектуалды деңгейдегі стратегиялық пәнаралық зерттеу ынтымақтастығын қолдайды. NU ғалымдары пәнаралық тәсіл негізінде Ғылым және жоғары білім министрлігі және басқа да сыртқы қорлар қаржыландыратын гранттар мен мақсатты бағдарламалар аясында белсенді зерттеулер жүргізуде. Зерттеулердің негізгі нәтижелеріне жоғары рейтингі бар журналдардағы жарияланымдар жатады. Жарияланымдардың авторлығы байқау талаптарына сәйкес келетін пәнаралық және көпсалалы топтармен жүргізілген зерттеулерді көрсетеді.
Төмендегі кестеде соңғы бірнеше жыл ішінде берілген гранттар мен басылымдардың санын көрсететін Университеттегі пәнаралық зерттеулердің жетістіктері туралы қысқаша мәліметтер берілген. Онда 2020 жылдан 2024 жылға дейінгі кезеңдегі зерттеу қызметінің жыл сайынғы серпіні, қаржыландыру мен ғылыми нәтижелердегі үрдістер бейнеленген. Бұл деректер Университеттің гранттық қаржыландыру мен ғылыми үлесті арттыруға басымдық бере отырып, пәнаралық ынтымақтастықты дамытуға деген тұрақты ұмтылысын көрсетеді.
# Пәнаралық зерттеулерге байланысты гранттар мен жарияланымдар
| Жыл | # гранттар* | # Жарияланымдар саны (2025 жылғы 29 қаңтардағы жағдай бойынша) |
| 2020 | 70 | 489 |
| 2021 | 104 | 498 |
| 2022 | 146 | 542 |
| 2023 | 171 | 525 |
| 2024 | 203 | 578 |
*CRP, Ғылым және жоғары білім министрлігінің (MHES) гранттары және нысаналы қаржыландыру (PTF), сондай-ақ халықаралық гранттар
NU оқытушылары пәнаралық жобаларды қолдайтын ғылыми қауымдастықтарды кеңейте отырып, халықаралық ғылыми әріптестіктер орнатып, зерттеу саласындағы серіктестікті дамытып келеді. Мақсатты пәнаралық ынтымақтастық – бұл әртүрлі көзқарастарды біріктіріп, жаһандық күрделі мәселелерді шешу үшін қажетті серіктестер ресурстарын бірлесіп пайдалануға мүмкіндік беретін табысқа қол жеткізудің негізгі стратегиясы.
Әлемдік жетекші университеттермен пәнаралық ынтымақтастық NU-дың кәсіби желілерін кеңейтіп, жаһандық серіктестік қатынастардың дамуына және Университеттің халықаралық ғылыми-зерттеулерге қатысуын арттыруға ықпал етеді.
2019–2025 жылдар аралығында NU халықаралық ынтымақтастыққа деген жоғары деңгейдегі ұстанымын көрсетті, бұл 131 елден 3 577 ұйыммен серіктестікте жарық көрген 4 634 ғылыми жұмыспен дәлелденеді (бірнеше елдерден бірлескен авторлармен жазылған жарияланымдар есепке алынғаннан кейін). Бұл халықаралық бірлескен еңбектер Scopus дерекқорында индекстелетін барлық жарияланымдардың 64,5%-ын құрайды. Картада осы бірлескен еңбектердің әлем бойынша қалай таралғаны көрсетілген. Осы жұмыстардың пәндер бойынша орташа өлшенген дәйексөз индексі (FWCI) — 2,42, яғни бұл еңбектер ұқсас халықаралық жарияланымдармен салыстырғанда әлем бойынша екі есе жиі дәйексөз келтірілетінін білдіреді.

Дереккөз: SciVal, 14 ақпан 2025 жыл
Пәнаралық зерттеу топтарының шарттары
Пәнаралық зерттеу корпусы (IRB) және онда орналасқан негізгі нысандар (жабдықтар мен персонал) Назарбаев Университетіндегі пәнаралық зерттеулерді қолдауға арналған.
Назарбаев Университетінің Ұжымдық пайдалану офисі
Алты қабатты Пәнаралық зерттеу корпусы (IRB) зерттеушілерге кампус аумағында 18 400 м² көлемінде зерттеу алаңын ұсынады. Мұнда биотехнология, физика, математика, материалтану және аналитикалық химияны қамтитын кең ауқымды зерттеу жобаларын қолдайтын негізгі ғылыми құралдар, 120 зертханалық лабораториялар және офистер орналасқан. Бұл нысан Назарбаев Университетінің ішінде де, сондай-ақ Қазақстан университеттері мен халықаралық ғылыми орталықтармен де пәнаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ете отырып, әртүрлі STEM-зерттеулердің жүргізілуіне жағдай жасайды.
Зерттеу инфрақұрылымына заманауи жабдықтармен қамтамасыз етілген пәнаралық зерттеулерге арналған 24 IRB зертханасы кіреді. Негізгі зертханаларда 80-нен астам негізгі құрылғы мен 300-ден астам қосалқы құрал-жабдық және үлгілер дайындау жабдықтары бар. Зерттеу қызметін 20 жоғары білікті негізгі мамандардан тұратын арнайы технологтар тобы қолдайды
Биомедициналық зерттеулер орталығы (виварий)
Виварий – кампус аумағындағы жеке екі қабатты ғимарат – зерттеушілерге 5613 м² көлемінде зерттеу алаңын ұсынады. Онда офистер, техникалық бөлмелер, эксперименттік хирургия зертханасы, сондай-ақ ірі жануарларды (қой, шошқа, ит, бұзау) ұстауға арналған арнайы жабдықталған бөлмелер орналасқан. Виварий сонымен қатар Назарбаев Университеті мен оның серіктестері зерттейтін түрлі ауруларды (Альцгеймер ауруы, Паркинсон ауруы, эпилепсия, қант диабеті, обыр және т.б.) зерттеу үшін қажет модель-жануарларды (тышқандар, егеуқұйрықтар, иммунитеті жоқ тышқандар мен қояндар) ұстауға арналған арнайы бөлмелерді ұсынады.
Виварий қызметкерлері барлық зертханалық жануарларға халықаралық стандарттарға сай сапалы күтім көрсетіп, ғылыми қызметкерлер мен студенттерге жоғары сапалы in vivo пәнаралық зерттеулер жүргізу миссиясында көмектесіп, қолдау көрсетеді. Олар зертханалық жануарларға қатысты барлық мәселелер бойынша оқытушыларды, студенттерді және қызметкерлерді оқытатын ресурс болып табылады және Университеттің зертханалық жануарларға деген адамгершілік көзқарасты ұстану жөніндегі халықаралық стандарттарға сай міндеттемесін қамтамасыз етеді.
NU-дың ғылыми зерттеулердің нәтижелілігін арттыруға бағытталған стратегиясы Университет аясында көлденең пәнаралық ынтымақтастықты қолдау үшін қажетті негізгі ғылыми білімдерді ұсынатын қолданыстағы зерттеу орталықтарын дамыту мен жаңа зерттеу орталықтарын құруды көздейді. Бүгінгі таңда біз сәтті іске қосқан орталықтар: NLA: NLA Center for Life Sciences, NLA Center for Energy and Science of New Materials, Institute for Smart Systems and Artificial Intelligence (ISSAI), Energetic Cosmos Lab (ECL) и Central Asian Research Center for Education Innovation and Transformation (CARCEIT).
Пәнаралық зерттеулерді әкімшілік қолдау
Назарбаев Университеті пәнаралық зерттеу топтарының әкімшілік қолдауға деген ерекше қажеттіліктерін мойындайды. Назарбаев Университетінің Ғылыми зерттеулер саясаты және талдау басқармасы, Ғылыми зерттеулер басқармасы (NURA), NLA және ISSAI грантқа дейінгі және кейінгі кезеңдерде келесі әкімшілік қызметтер түрінде ресурстар ұсынады:
- қаржыландыру мүмкіндіктерін анықтау (ғылыми зерттеулерді қаржыландырудың мүмкіндіктерін, сондай-ақ басқа да көздерді іздеу үшін «Pivot-RP» дерекқорын пайдалана отырып, ғылыми зерттеулердің мақсаттарына, жобаларға қажеттіліктерге және Университеттердің басымдықтарына негізделген ұлттық, шетелдік, мемлекеттік және жеке қаржыландыру агенттіктерінің зерттеулерді қаржыландырудың әлеуетті мүмкіндіктерін бағалау);
- ғылыми өтінімдерді әзірлеу (гранттарға ғылыми өтінімдерді дайындауда зерттеушілерге көмек көрсету, зерттеу мақсаттарын, күтілетін нәтижелерді анықтау және барлық қажетті құжаттарды дайындау);
- бюджетті дайындау (жобаға байланысты барлық шығындардың тиісті есебін қамтамасыз ету және бюджеттің демеушінің талабына да, институттың саясатына да сәйкестігін қамтамасыз ету);
- институционалдық және қаржылық талаптарға нормативтік сәйкестікті қамтамасыз ету (Зерттеулерді сақтау және оның тұтастығы басқармасы);
- зерттеулер жүргізуге өтінімдер беру; қордың грант беру туралы жауабын қадағалау; грант беру шарттарын келісу (келісілген параметрлері шегінде жобаның іске асырылуын қамтамасыз ететін ережелерді қайта қарау және түзету);
- қаражаттың дұрыс пайдаланылуын қамтамасыз ету (бекітілген бюджетке сәйкес бөлінген қаражатты тиімді пайдалануды қамтамасыз ету) және бюджетке өзгерістер енгізу, қаржылық салыстыруларды басқару (қорларды қадағалау және қаржыландыру жөніндегі нұсқауларды ұстану);
- Грант талаптарының сақталуын және жұмыстардың аяқталуын қамтамасыз ету үшін қорытынды есептерді ұсыну.
Бірнеше мамандандырылған дербес немесе жартылай дербес пәнаралық ынтымақтастық орталықтары дәстүрлі пәндер шеңберінде зерттеулерді дамыту үшін қажетті сыни массаны қалыптастырып, тәжірибені шоғырландырады:
- NLA — Астана Ұлттық зертханасы «елдің ең өзекті ғылыми-техникалық проблемаларын шешуге бағытталған пәнаралық базалық және қолданбалы зерттеулерді дамыту, Қазақстанның «жасыл» экономикалық және технологиялық дамуына үлес қосу үшін жаңа білім ашу, экономиканы әртараптандыру және әлемдік деңгейдегі институтқа айналу» жөніндегі миссиясын NLA-дің Өмір туралы ғылымдар орталығында (CLS) және Жаңа материалдар туралы энергетика және ғылым орталығында (EAMS) заманауи зерттеулер жүргізу арқылы орындайды;
- «Ақылды жүйелер және жасанды интеллект» институты ISSAI машиналық интеллект саласында өнеркәсіп пен қоғамдағы нақты проблемаларды шешу үшін пәнаралық зерттеулер жүргізеді. ISSAI Азия, Еуропа және АҚШ-тан мысалдар келтіре отырып, жасанды интеллектті зерттеудің ұлттық әлеуетін құруды мақсат етті;
- Энергетикалық ғарыш зертханасы (ECL) «Назарбаев Университетінің» техникалық ноу-хауы мен инновациялық экожүйесін дамытуға ықпал ететін физика мен астрофизиканың іргелі міндеттерін зерттейді;
- «CARCEIT» Орталық Азия білім беру инновациялары мен трансформацияларды зерттеу орталығы білім беру саясаты мен практикасындағы инновациялық өзгерістерді ынталандыру жұмыстарын жүргізеді. CARCEIT Қазақстанда да, бүкіл Орталық Азия өңірінде де білім беру тәсілдерін өзгертуге бастамашылық етуді мақсат етіп отыр.
Назарбаев Университеті сонымен қатар пәнаралық ғылыми-зерттеу инновацияларын пайдалану тәжірибесін арттыратын гранттар есебінен қаржыландырылатын бірнеше дамып келе жатқан зерттеу орталықтарын қолдайды. Бұл қалыптасып келе жатқан ғылыми-зерттеу орталықтары зерттеу тәжірибесі мен ноу-хауды пәнаралық ынтымақтастықты ынталандыру үшін шоғырландырады және зерттеу саласындағы әкімшілік қызметтерінің толық спектрін ұсына отырып, NURA-мен бірлесіп жұмыс істейді. Мынадай зерттеу орталықтары дамудың осы кезеңінде:
- «Назарбаев кәсіпкерлік зерттеу орталығы» (NURCE) – Орталық Азиядағы әлеуметтік-экономикалық инновациялардың катализаторы;
- Тұрақты даму саласындағы шешімдер желісі (SDSN) – тұрақты даму саясатын әзірлеу және басқарудағы инновациялар;
- Медициналық робототехника және зерттеулер саласындағы шеберлік орталығы (CEMRR) – инновациялар саласындағы зерттеулер мен әзірлемелерді жүргізуге және кейін хирургия мен оңалту үшін роботтарды коммерцияландыруға арналған алаң.
Қосымша Медицина мектебінде және Гуманитарлық зерттеулер орталығында (HRC) Еуразиялық зерттеулер орталығы (CESAR), Астана медициналық-фармацевтикалық кластері (AMPC) орталықтарын құру жоспарланып отыр.
Назарбаев Университетінің Ғылыми кеңесі (NU RC) Университетте және оның зерттеу орталықтарында ғылыми-зерттеу саясатын әзірлеудің негізгі органы болып табылады. Оның дауыс беру құқығы бар мүшелері академиялық әкімшілік персонал, оқытушылар мен студенттер болып табылады. Ғылыми кеңес ережелерді бекітеді және Назарбаев Университетінің ішкі зерттеу гранттарына жедел қадағалауды, зерттеулерге ішкі қолдау көрсету және Университет деңгейінде зерттеу сыйлықтарын беру стандарттары мен рәсімдерін әзірлеуді, сыртқы сараптамалық бағалау процесін басқаруды және гранттардың жабылуын бекітуді қамтамасыз ете отырып, университет деңгейінде зерттеулер жүргізуді бақылауды жүзеге асырады.
Назарбаев Университетінің грантқа дейінгі институционалдық талаптарын сақтау — зерттеу ұсыныстарының ішкі және сыртқы қаржыландыру критерийлеріне сәйкестігін қамтамасыз ету үшін қажет. Адамның немесе жануарлардың қатысуымен жүргізілген зерттеулер жоба басталғанға дейін Институционалдық зерттеу этикасы комитеті (IREC) немесе Жануарларды күту және пайдалану жөніндегі институционалдық комитет (IACUC) белгілеген этикалық нормаларға сәйкес болуы тиіс. Барлық жобалардың зерттеу ортасы тиісті жағдайларда белгіленген стандарттарға сәйкес келуі керек.
NU Ғылыми кеңесінің өз миссиясын орындауға көмектесетін бірнеше кіші комитеттері бар:
- Назарбаев Университетінің институционалдық зерттеулер этикасы комитеті (НУ IREC) – Назарбаев Университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері мен студенттері өткізетін зерттеулерге қатысу үшін жұмысқа алынған адамдардың әл-ауқатын, құқықтары мен жеке өміріне қол сұқпаушылықты қорғау мақсатында құрылған Ғылыми кеңестің кіші комитеті.
- Назарбаев Университетінің мекемелерінде жануарларды күту және пайдалану жөніндегі комитет (NU IACUC) – Назарбаев Университетінің оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері, студенттері өткізетін ғылыми-зерттеу іс-шараларына қатысатын жануарлардың әл-ауқатын қорғау мақсатында құрылған Ғылыми кеңестің кіші комитеті.
- Биологиялық және химиялық қауiпсiздiк жөніндегі комитет (BCSC) – адамның денсаулығына, экологияға, қоршаған ортаға нақты немесе ықтимал биологиялық немесе химиялық қауiп төндiретiн кез келген материалдарды өндiрудi, пайдалануды және кәдеге жаратуды бақылау және бағалау үшiн құрылған Назарбаев Университетiнiң Ғылыми кеңесiнiң кiшi комитетi.
Ғылыми-зерттеу кеңістігін тиімді басқару және ғылыми құралдарды таңдау бәсекеге қабілетті пәнаралық ғылыми зерттеулерге ықпал ететін маңызды факторлар болып табылады. NU-да Ғылыми кеңестің екі кіші комитеті бар, олардың басым бөлігін зерттеушілердің өздері құрайды.
- Зерттеу алаңын бөлу жөніндегі комитет (RSAC) – Ғылыми кеңестiң институционалдық басымдықтарды, зерттеу қажеттіліктерін және пайдалану тиімділігін ескере отырып, зерттеу алаңдарын бағалауға, бөлуге және басқаруға жауапты кіші комитеті. Ол саясатты белгілейді, үй-жайларды пайдалануды талдайды, университеттің стратегиялық мақсаттарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.
- Жабдық жөніндегі комитет – Ғылыми кеңестің Университеттегі ғылыми жабдықты сатып алуға, басқаруға және стратегиялық жоспарлауға жауапты кіші комитеті. Ол аппараттық ұсыныстарды бағалайды, ресурстарды тиімді пайдалануды қамтамасыз етеді және Университеттің ғылыми және технологиялық жетістіктерін қолдау үшін жалпы ғылыми инфрақұрылымға қол жеткізуді жеңілдетеді.