ReseҒылымarch

Ғылыми администрация

Ғылыми администрация

Рехан Садык

Провост

Профессор Садык – су жүйелерін басқару, экологиялық тәуекелдерді талдау және құрылыстық ортада өмірлік циклді бағалау салаларындағы зерттеулерімен халықаралық мойындалған зерттеуші әрі академиялық көшбасшы. Оның 800 жарияланымы бар, 29 000-ға жүйік дәйексөз алған, бұл оны әлемдегі ең көп дәйексөз алынған азаматтық құрылыс саласындағы 100 зерттеушінің қатарына қояды.

Бьёрн Биргиссон

Зерттеу және инновациялар жөніндегі вице-провост

Профессор Бьёрн Биргиссон — тұрақты инфрақұрылымдық жүйелер, жол төсемдері, көлік инженериясы және тұрақты құрылыс материалдары саласындағы әлемге танымал ғалым. Ол — Швецияның Корольдік инженерлік академиясының, Америкалық құрылыс инженерлері қоғамының (ASCE) және Инженерлік механика институтының халықаралық мүшесі.

Ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі вице-провост Назарбаев Университетінің ғылыми-зерттеу қызметін басқаруды, ұйымдастыруды және қолдауды жетекшілік етеді. Бұл қызмет негізгі бағыттар бойынша стратегиялық басқаруды жүзеге асырады: зерттеу саясаты мен талдау, ғылыми инфрақұрылым мен жоғары өнімді есептеу жүйелері (HPC), инженерлік және техникалық қызметтер, зерттеулердің адалдығы мен нормативтік талаптарға сәйкестігі, сондай-ақ ғылыми әкімшілік қолдау. Провосттың бас кеңесшісі ретінде Вице-провост университеттің ғылыми миссиясы мен стратегиялық мақсаттарына қол жеткізу үшін саясат, ресурстар және инфрақұрылымның үйлесімді әрі тиімді ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

Зерттеу саясаты мен талдау Назарбаев Университетінде ғылыми қызметті тиімді басқаруға бағытталған. Бұл бағыттың міндеттері – зерттеу саясатын әзірлеу мен іске асыру, сыртқы және ішкі гранттық бағдарламалардың дұрыс ұйымдастырылуын, сондай-ақ зерттеу нәтижелері мен деректерін талдау. Сонымен қатар, зерттеу ресурстарының бөлінуін қамтамасыз етіп, Ғылыми кеңестің жұмысын қолдайды. Осылайша университеттің ғылым мен инновация саласындағы стратегиялық мақсаттарын ілгерілетуде маңызды рөл атқарады.

Зерттеуді әкімшілік қолдау (NURA) университеттің зерттеу саласындағы барлық қызметтерін кешенді түрде қолдайтын орталық. Миссиясы — ғылыми гранттардың санын, құнын және сәтті орындалуына қолдау көрсету. Осы мақсатта NURA өтінімге дейінгі және кейінгі кезеңдерде толыққанды қызмет көрсетеді: қаржыландыру мүмкіндіктерін ұсыну, өтінімдерді дайындау, жолдау. Сондай-ақ қаржы, сатып алу, кадрлық мәселелер, құқықтық сүйемелдеу, виза рәсімдеу, бюджеттік есептілік және жобаны жабу бойынша қолдау көрсетеді.

Ғылыми кеңес — университеттің ғылыми-зерттеу мәселелері бойынша жоғары кеңесші және басқарушы органы болып табылады. Ол зерттеу қызметіне қатысты ережелерді, стандарттарды және рәсімдерді, соның ішінде этика, зияткерлік меншік және коммерцияландыру мәселелерін белгілейді. Кеңес сонымен қатар зерттеу ресурстары мен ортақ инфрақұрылымды бөлуді қадағалайды, негізгі жабдықты сатып алу туралы шешімдерді қарайды және бекітеді, зерттеу стратегияларын және кадрлық әлеуетті дамыту бағдарламаларын бағалайды. Академиялық кеңеспен және өзге де басқарушы органдармен тығыз ынтымақтастықта жұмыс істей отырып, Ғылыми кеңес Назарбаев Университетінің зерттеулерінің сапа, адалдық және инновация тұрғысынан халықаралық стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.

Ғылыми кеңес тұрақты негізде төмендегі қосалқы комитеттердің қызметін үйлестіреді:

  1. Жабдықтар жөніндегі комитет
  2. Биологиялық және химиялық қауіпсіздік комитеті
  3. Жануарларды қорғау және пайдалану жөніндегі институционалдық комитет
  4. Зияткерлік меншік жөніндегі комитет
  5. Зерттеу этикасы жөніндегі институционалдық комитет
  6. Зерттеу кеңістігін бөлу жөніндегі комитет
  7. Зерттеу нәтижелері мен номинациялар жөніндегі консультативтік комитет

 

Зерттеу адалдығы мен сәйкестігі Назарбаев Университетіндегі барлық ғылыми-зерттеу қызметінің этика, адалдық және нормативтік талаптардың ең жоғары стандарттарына сәйкес жүргізілуін қамтамасыз етеді. Бұл бағыт адамның қатысуымен жүргізілетін зерттеулерді, жануарлардың әл-ауқатын қорғауды, биологиялық қауіпсіздікті және зерттеуді адал жүргізу қағидаттарын қамтиды. Сонымен қатар, ол зерттеушілер мен студенттерге оқыту мен әдістемелік қолдау көрсетеді, ұлттық және халықаралық талаптардың сақталуын қадағалайды және ғылыми адалдықтың бұзылу жағдайларын қарайды. Осы арқылы университеттің беделін қорғауға әрі  зерттеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.

Up

© Назарбаев Университеті

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53