NU зерттеулері және жаһандық аренадағы бәсекелестік
FWCI көрсеткіші 2.11 бола отырып, Nazarbayev University зерттеулері ғылым, инженерия, медицина, әлеуметтік ғылымдар, білім беру және гуманитарлық ғылымдар салаларында айтарлықтай әсерге ие.
Салыстырмалы диаграммада Field-Weighted Citation Impact (FWCI) көрсеткіштері мен халықаралық ынтымақтастық деңгейі (%) бойынша NU-дың позициясы стратегиялық серіктестерімізбен, Asian Universities Alliance-қа мүше жоғары оқу орындарымен, қарқынды дамып келе жатқан университеттермен және Қазақстанның жетекші білім беру мекемелерімен салыстырыла көрсетілген. NU-дың халықаралық ынтымақтастық деңгейі — 63,8%, ол университеттің жаһандық зерттеу желілерін дамытуға деген берік ұстанымын білдіреді. Бұл көрсеткіш NU-ды King Saud University, University of Luxembourg және National University of Singapore (NUS) сияқты әлемдік беделді университеттермен бір қатарға қояды. FWCI көрсеткіші ғылыми жарияланымдардың ықпалын өлшейді және NU-дың өсіп келе жатқан ғылыми әсерін, сондай-ақ оның жаһандық академиялық қауымдастықтағы мойындалуын көрсетеді.
