Жоғары білім сапасын қамтамасыз ету: жай-күйі мен даму перспективалары

Information about the organizer:

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Назарбаев Университетімен бірлесіп 2026 жылғы 15-16 қаңтарда Астана қаласында «Жоғары білімнің сапасын қамтамасыз ету: қазіргі жағдайы мен даму перспективалары» атты жыл сайынғы Форум өткізеді.

Форум жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру сапасын қамтамасыз ету саласындағы негізгі мәселелер мен үрдістерді талқылауға, сондай-ақ халықаралық үздік тәжірибелерді ескере отырып, оны одан әрі дамыту жолдарын айқындауға арналған алаң болады.

Форум бағдарламасы QAA, ASIIN және НААР аккредитациялық агенттіктерінің қатысуымен өтетін халықаралық воркшоптарды, PhD докторанттарын даярлау сапасы, жоғары білім беру ұйымдарындағы ішкі сапаны қамтамасыз ету жүйелерінің жұмыс істеуі, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру саласындағы реттеуші және рұқсат беру саясатына арналған тақырыптық сессияларды қамтиды. Пленарлық отырысқа Министрлік басшылығы, мемлекеттік органдардың өкілдері, халықаралық сарапшылар және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары қатысады.

Басталу уақыты: 15.01.2026, сағат 09:00-де

Аяқталу уақыты: 16.01.2026, сағат 17:00-де

Түрі (Форматы): Форум

Тілі: Қазақша/Орысша

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53