Жасанды интеллект және есептеукоммуникациясындағы әдістер (AIM-CC 2026)

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

Andrey Tkachenko

Nazarbayev University зерттеушілерді, оқытушыларды, студенттерді және серіктестерді «Жасанды интеллект және есептеу коммуникациясындағы әдістер» атты жас ғалымдар конференциясы мен зерттеу мектебіне (AIM-CC 2026) қатысуға шақырады. Іс-шара 8-16 тамыз аралығында Назарбаев Университетінде өтеді.

AIM-CC 2026 Назарбаев Университетінің Ғылым және гуманитарлық ғылымдар мектебі (SSH) және Kazakhstan Sociology Lab (KSL) Халықаралық коммуникация қауымдастығының қолдауымен ұйымдастырылады (ICA). Іс-шара Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен ұйымдастырылады.

Есептік әлеуметтік ғылым жасанды интеллекттің ықпалымен түбегейлі өзгерістерді бастан өткеруде. Бұрын шектеулі автоматтандыру мен классикалық талдау тәсілдеріне сүйенген әдістер бүгінде үлкен тілдік модельдер, эмбеддингтерге негізделген тәсілдер, генеративті агенттер және жасанды интеллект көмегімен әзірленетін эксперименттік дизайндар арқылы қайта қалыптасуда. Бұл өзгерістер жаңа аналитикалық мүмкіндіктер ашумен қатар, маңызды әдіснамалық және эпистемологиялық сұрақтарды да алға тартады.

AIM-CC 2026 осы өзгерістерді тікелей талқылауға бағытталған. Конференция мен зерттеу мектебі есептік әлеуметтік ғылым мен есептік коммуникациялық зерттеулердің негізгі бағыттары бойынша құрылымдалған әдіснамалық даярлық ұсынады және әрбір курсқа жасанды интеллект саласындағы жаңа әзірлемелерді жүйелі түрде кіріктіреді.

Бағдарлама есептік коммуникациялық зерттеулер, есептік әлеуметтік ғылым, цифрлық әлеуметтану, саяси коммуникация, желілік ғылым, жасанды интеллект және қоғам, сондай-ақ сабақтас бағыттарда жұмыс істейтін PhD докторанттарына, постдокторанттарға, магистратураның жоғары курс студенттеріне және ғылыми мансабын енді бастаған зерттеушілерге арналған. Қарқынды әдіснамалық даярлықпен қатар, қатысушылар өз зерттеулерін постерлік сессияда таныстырып, оқытушылар мен менторлардан кері байланыс ала алады. Сондай-ақ олар өз жұмыстарын одан әрі жетілдіріп, жаңартылған нұсқаларын қайта ұсынуға мүмкіндік алады.

AIM-CC 2026 бағдарламасына негізгі қабылдау аяқталғанын ескертеміз. Сіздерді іс-шара аясында өтетін ашық дәрістерге қатысуға шақырамыз:

Ашық дәрістер:

• 8 тамыз, 10.00-13.00

Instrument and Object: Navigating the AI ​​Revolution in Computational Social Sciences.

Olessia Koltsova, Director of the Laboratory of Social and Cognitive Informatics, Professor in the Department of Sociology, HSE University.

тамыз, 14.00-15.20 

Sociology of Humans and Machines: Using Online Experiments in CSS

Taha Yasseri, Director, TCD–TU Dublin Joint Centre for Sociology of Humans and Machines (SOHAM), Full Professor and Chair of Technology and Society, Trinity College Dublin & Technological University Dublin

• 15 тамыз, 11.40-13.00

LLM for computational social science research

Alexey Bessudnov, Associate Professor, Department of Social and Political Sciences, Philosophy and Anthropology, University of Exeter

AIM-CC 2026 ашық дәрістерінеқатысушыларды Nazarbayev University-де қарсыалуға қуаныштымыз.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53