Жасанды интеллект дәуіріндегі негізгі құзыреттер

Ұйымдастырушы туралы ақпарат:

NU Institute of Smart Systems and Artificial Intelligence (ISSAI)
Gibrat Kurmanov | Administrative Director
+7(7172) 70-9029

Nazarbayev University Ақылды жүйелер мен жасанды интеллект институты (ISSAI) NVIDIA Corporation компаниясының Жасанды интеллект есептеулері жөніндегі аға директоры, сондай-ақ Орегон штатындағы Атқарушы консультативтік кеңестің мүшесі К. С. Венкатраманның қатысуымен арнайы офлайн кездесуге шақырады.

Тақырыбы: «Жасанды интеллект дәуіріндегі негізгі құзыреттер»

Кездесу барысында жасанды интеллекттің қарқынды дамуы жағдайында маңызды болып отырған білім мен дағдылар, сондай-ақ болашақ мамандар мен көшбасшыларға қажетті негізгі құзыреттер талқыланады. К. С. Венкатраман жасанды интеллект және есептеу технологиялары саласындағы кәсіби тәжірибесімен бөлісіп, AI-дың жұмыс пен кәсіби ортаға ықпалы туралы ой қозғайды.

Іс-шараға NU қауымдастығының мүшелері ғана қатыса алады. Алдын ала тіркелу қажет.

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53