Social Impact Award Kazakhstan 2026 финалына қош келдіңіздер! Бұл – мектеп оқушылары мен студенттерге арналған, әлеуметтік мәселелерді шешуге бағытталған жобаларды дамытуға көмектесетін екі айлық халықаралық инкубациялық бағдарламаның қорытынды іс-шарасы.
Іс-шара барысында финалға өткен 15 команда өз жобаларын сарапшылар алқасына таныстырады. Жеңімпаз атанған төрт команда 3 000 000 теңге көлеміндегі жүлде қорын бөлісіп, Қазақстан атынан Черногорияда өтетін Social Impact Award бағдарламасының Global Summit халықаралық саммитіне қатысу мүмкіндігіне ие болады.
Іс-шара әлеуметтік кәсіпкерлікке, жастар бастамаларына және қоғамдық әсері бар жобаларға қызығушылық танытатын барлық қатысушыларға арналған.
Форматы: сарапшылар алқасының алдында жобаларды ашық таныстыру
Қолдау көрсетушілер: NU Impact Foundation және NU Alumni.
