Nazarbayev Universuty 2026 жылдың 11-12 сәуірінде Астанада математикадан республикалық студенттік пәндік олимпиада өткізеді.
Іс-шараға 6B054 «Математика және статистика» мамандығы бойынша және онымен байланысты математика бағдарламалары бойынша оқитын қазақстандық жоғары оқу орындарының студенттері қатысады. Әрбір университет бес қатысушыға дейін жібере алады. Қатысушылар жеке-жеке бақ сынайды, ал командалық нәтижелер әр университеттен ең жоғары балл жинаған үш қатысушымен анықталады.
Олимпиада математикадан жазбаша турдан тұрады және талантты студенттерді қолдауға, академиялық жетістіктерді насихаттауға және Қазақстан университеттері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған.
Толығырақ ақпарат алу үшін ayibiken.nahezi@nu.edu.kz электрондық поштасына хат жазыңыз.
