NU GSPP қаражат жинау науқаны — ойын-сауық викторинасы

Information about the organizer:

Құрметті студенттер, оқытушылар және НУ қызметкерлері,

НУ ЖМСМ студенттік кеңесі сіздерді қайырымдылық үшін ұйымдастырылып отырған ойын-сауық викторинасына шақыруға қуанышты. Бұл іс-шара басқа студенттермен, оқытушылармен және НУ қызметкерлерімен қызықты және интерактивті іс-шараға қатысудың тамаша мүмкіндігі. Біз интеллектуалды викторинада білімізді сынап, арнайы сыйлықтар үшін жарысып, үзілісте пиццамен тамақтанып және достарымызбенб әріптестерімізбен байланысты нығайту үшін көптеген қызықты іс-шаралар өткіземіз.

Бұл іс-шара сіздердің біліміңізді тексеру үшін ғана емес, сонымен қатар біздің әріптесімізб Назарбаев Университетінің мемлекеттік саясат Жоғары мектебінің (НУ ЖМCV) мемлекеттік басқару бағдарламасының магистранты Дина Сапарованың қызы, 6 жасар Даринаның өмірін өзгертуге арналған. Дарина — мұқият медициналық емдеуді қажет ететін денсаулық мәселелерімен күресіп отырған өте батыл қыз. Тамыз айының басында Даринаға жедел В-жасушалы лимфобластикалық лейкоз диагнозы қойылды. Осы іс-шарадан түскен барлық қаражат Даринаны емдеуге шұғыл қаржылық қажеттіліктерге байланысты оның отбасына көмекке жұмсалады.

Байланыс ақпараты:
aizada.gazizova@nu.edu.kz

Up

© Nazarbayev University

Қазақстан Республикасы, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 53